31.03.2021, 20:59 15215
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Достарға айту
НҰР-СҰЛТАН. 31 НАУРЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың құқықтық тетігін жетілдіруге, ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Осы Заңның негізгі міндеті суға батқан кемелерді тиімді жою және теңіз авариясының салдарын жою жөніндегі бірыңғай қағидалар мен рәсімдерді айқындау болып табылады.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.12.2024, 12:04 5276
Алматыда ШОБ субъектілері арасында жаңа жылдық үздік безендіруге арналған байқау басталады
Достарға айту
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы шағын және орта бизнес өкілдері арасында қасбеттер мен оларға іргелес аумақтарды үздік жаңа жылдық безендіруге арналған байқаудың басталғанын жариялайды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қатысуға дүкендердің, қоғамдық тамақтану орындарының, қызмет көрсету саласы нысандарының иелері мен Алматының басқа да шағын және орта бизнес өкілдері шақырылады.
Өткізу мерзімі: 26 желтоқсаннан 13 қаңтарға дейін. Байқау қорытындысы 2025 жылдың 14 қаңтарында шығарылады. Байқаудың комиссия құрамына Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен сарапшылар кіреді.
Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталады:
Азық-түлік дүкенін үздік безендіру - 1 млн. теңге көлеміндегі жүлде;
Азық-түлік емес дүкенді үздік безендіру - 1 млн. теңге көлеміндегі жүлде;
Қоғамдық тамақтану саласындағы нысанды үздік безендіру - 1 млн. теңге мөлшерінде жүлде;
Қызмет көрсету саласындағы нысанның үздік безендірілуі - 1 млн. теңге көлеміндегі жүлде.
Бас жүлде иегері 2 млн. теңге көлемінде сыйлық алады.
Бизнес нысандарын үздік жаңа жылдық безендіруге арналған байқау ақшалай сыйлық алу мүмкіндігі ғана емес, бұл жаңа жылдық маусымда қаланы жарқын, жайлы әрі тартымды ету мүмкіндігі. Кәсіпкерлердің атсалысуы Алматы тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Байқауға қатысу үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына өтінім беру қажет. Өтінімдер электрондық пошта арқылы қабылданады [email protected] осы жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады. Өтінімге байқауға қатысушыға және оның байқауға ұсынылатын нысанына мінездеме, байқауға қатысушының "Дербес деректер туралы" ҚР Заңына сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісімі қоса беріледі. Толық ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7 747 671 59 96.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 11:45 7021
Қазақстанда 37 халықаралық және 98 өңірлік есірткі арналарының қызметі тоқтатылды
Достарға айту
Бас прокуратура есірткі қылмысымен күрес шараларының тиімділігі мәселелері қаралды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде Бас прокуратура басшысы Берік Асылов.
Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде есірткі қылмысымен күресудің қосымша шаралары әзірленді.
Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Президент жариялаған "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес азаматтардың қауіпсіздігін нығайтудағы және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасаудағы негізгі салаға айналуда.
Қадағалау органының басшысы Б.Н. Асылов атап өткендей, мемлекеттік аппарат нашақорлықпен күресуде және есірткі бизнесіне қарсы жан-жақты жұмыс жүргізуде, оның ішінде Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында да.
Биылғы жылдың 11 айында 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталған, оның 2,2 мыңға жуығы сату фактісі бойынша.
4 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, соның ішінде 1083 адам есірткіні сатқандары үшін.
37 халықаралық және 98 аймақтық есірткіні жеткізу арналарының жолы кесілген.
Прокуратураның бастамасымен елімізде "Нашақорлыққа жол жоқ" акциясы өткізіліп жатыр, оның аясында 47 мыңнан астам граффити жойылған, есірткіні жарнамалау және оны насихаттау бойынша төрт есе көп қылмыстық істер қозғалған (111-ден 426-ға дейін).
36 есірткіні жарнамалаушы ұсталған.
Бас Прокурордың айтуы бойынша, ақпараттық технологияларды қолдану және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқасында есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды белсендірек анықтай бастады.
Мысалы, Қазақстан мен ТМД елдерінде есірткі сататын бір ғана интернет-дүкенде ұйымдастырушылар мен есепшілерді қосқанда 23 қатысушы ұсталған. Құны 90 миллион теңгені құрайтын мүлік тәркіленген.
Павлодарда есірткі өндірісімен айналысқан екі шетелдіктің қызметі тоқтатылған. Оларда Қазақстан мен ТМД елдерінде жұмыс істейтін, айналымы 100 миллион АҚШ долларынан асатын бірнеше есірткі дүкендерінің крипто әмияндары анықталған.
Үйлестіру кеңесі елімізде Ұлттық Таргетинг орталығын Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің негізінде құру жобасының барысын қарастырды.
Бас Прокурор бұл орталықтың қызметі синтетикалық "шөпті" өндіруге арналған өнеркәсіптік химиялық заттарды әкелу мен пайдалануын бақылауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Прекурсорлардың айналымын бақылау үшін уәкілетті органдардың дерекқорларымен біріктірілетін ақпараттық жүйе әзірленуде.
Кездесу нәтижесінде есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды анықтау үшін ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға, қаржылық тергеуді белсенді пайдалануға, шет ел азаматтарының заңсыз әрекеттерін алдын алу шараларын жүзеге асыруға, ойын-сауық мекемелерінің есірткі саудасы үшін жауапкершілігін арттыруға және т.б. бағытталған шешімдер әзірленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 11:36 6531
Қазақстан президенті жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды
Достарға айту
Қазақстан президенті жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", деп көрсетілген жарлық мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 11:31 8336
Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды
Достарға айту
Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Серік Тұрсынәліұлы Жүнісбеков Министрліктің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Кенжебаева Айгүл Қаржаубайқызы Министрлік аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 11:15 9811
Маңғыстаулықтар Әзірбайжан елінің азаматтарын еліне шығарып салды
Достарға айту
Бүгін, 26 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзірбайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды. Оның ішінде аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты.
Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.
Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа. Жарақат алғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 15:17 38756
Полицейлер ұшақ апатынан зардап шеккендерге арнап қан тапсырды
Достарға айту
Полицейлер ұшақ апатынан зардап шеккендерге арнап қан тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері ерікті түрде қан тапсыру акциясына қатысып, ұшақ апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті. Бұл бастама құқық қорғау органдарының тек қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде ғана емес, қиын сәттерде адамдарға көмек көрсетудегі маңызды рөлін айқындай түседі.
Айта кету керек, тәртіп сақшылары донорлық акцияларға тұрақты түрде қатысады: жеке құрамның айтарлықтай бөлігі жыл сайын тегін қан тапсырып, көмекке мұқтаж адамдарды қолдап келеді.
Оқиға орнында болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу-жедел тобы жұмысын жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 15:14 38991
Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігіне барып, Ақтау қаласының әуежайы маңында орын алған Az Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатына байланысты ашылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
26 желтоқсанда Әзербайжанда қаралы күн жарияланды. Қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұл қиын сәтте Қазақстан Үкіметінің және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, әзербайжан халқына сабыр мен төзімділік тілеймін. Апат салдарынан зардап шеккендер тезірек сауығып кетсін дейміз. Біз бауырлас Әзербайжанға тиісті көмек қолын созып, жан-жақты қолдау көрсетеміз", - деп жазды Олжас Бектенов.
Бұған дейін Премьер-министр қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтарына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Ақтау қаласына келген қаза тапқан жолаушылардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 15:07 39326
Екібастұз ГРЭС-1 станциясының 500 МВт қуаттылықтағы энергоблогы пайдалануға берілді
Достарға айту
Екібастұз ГРЭС-1 станциясының 500 МВт қуаттылықтағы энергоблогы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметнен.
2024 жылғы 23 желтоқсанда Екібастұз ГРЭС-1 станциясының №1 энергоблогы толық қуатта 72 сағат бойы сәтті жұмыс істеп, пайдалануға енгізілді. 500 МВт қуаттылықтағы жаңа энергоблок еліміздің энергетикалық қуаттарын айтарлықтай арттырып, экономика мен халықты тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Энергоблокты салу жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы маңызды кезең болды. Екібастұз ГРЭС-1, елдің жетекші энергетикалық орталықтарының бірінде орналасқан, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және индустриалдық дамуын қолдауда стратегиялық рөлін атқаруды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.12.2024, 11:15Маңғыстаулықтар Әзірбайжан елінің азаматтарын еліне шығарып салды 27.12.2024, 11:31 Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды7401Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды27.12.2024, 11:45 6086Қазақстанда 37 халықаралық және 98 өңірлік есірткі арналарының қызметі тоқтатылды27.12.2024, 11:36 5596Қазақстан президенті жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды27.12.2024, 12:04 4341Алматыда ШОБ субъектілері арасында жаңа жылдық үздік безендіруге арналған байқау басталады
20.12.2024, 19:59 97871Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді20.12.2024, 19:44 96366Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады20.12.2024, 19:42 85621Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті20.12.2024, 12:52 83086ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда20.12.2024, 17:06 78111Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады
12.12.2024, 17:30 112166Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 111531Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 107126ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 103061Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 102951Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады