05.06.2024, 21:46 46231

Қостанай облысына Пржевальский жылқыларының бірінші партиясы келді

Облыс аумағына 40 жабайы жылқыны реинтродукциялау жоспарлануда
Қостанай облысына Пржевальский жылқыларының бірінші партиясы келді
Қостанай облысының оңтүстік өңірі-Кертағы-Пржевальский жылқыларының тарихи отаны. Қазақстан мен Чехия мамандарының бірлескен әрекеті түз тағысының мекеніне қайта оралуына ықпал етеді, деп хабарлайды аймақ әкімі Құмар Ақсақалов.

Бүгін "Алтын дала" қорығына жабайы жылқыларды өрістендіру рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ Чехия Республикасының ҚР-дағы Елшісі Павол Шепеляк бастаған чехиялық делегация қатысты.

Қызыл кітапта келтірілген мәліметке жүгінер болсақ, бүгінгі таңда әлемде 1500-ге жуық кертағы бар. Жалпы, облыс аумағына 40 жабайы жылқыны реинтродукциялау жоспарлануда. Амангелді және Жангелдин аудандарының аумағындағы "Әліби" реинтродукция орталығына бүгін бірінші партия жеткізілді.

Біз биліктің, ғалымдардың және белсенді азаматтардың бірлескен әрекетінің арқасында Кертағы Қостанай облысы фаунасының ажырамас бөлігіне айналып, қазақстандықтарды ғасырлар бойы қуантары анық.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны