13.01.2025, 11:56 7701
Павлодар облысында жолдарды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды
Достарға айту
Павлодар облысында жолдағы ақаулар үшін лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде әкімшілік полиция қызметкерлері екі мың шақырымға жуық автожолды тексерді. Нәтижесінде 51 ақау анықталды, олар бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 35 ұйғарым берілді.
Жолдарда жұмыстарды жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 5 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына айыппұл салынды. Бұдан басқа, анықталған ақауларды жою қажет.
Тәртіп сақшылары мұндай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өңір жолдарындағы жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті. "Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді.
Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.01.2025, 15:09 7286
Елордада Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу басталды
Достарға айту
Астанадағы №87 мектеп-гимназиясында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойын мерекелеудің басталуына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сөз алтын хәкім Абай" шығармашылық іс-шарасы Абай Құнанбаевтың мерейтойы аясында жоспарланған іс-шаралар сериясының басталуы болды. Ұлы ақынның есімімен аталатын №87 мектеп-гимназия 2019 жылы, оның 175 жылдығын мерекелеу жылы ашылды. Ашылған сәттен бастап оқу орнында қазақ ойшылының өмірі мен шығармашылығын зерттейтін "Абайтану" пәні енгізілді. Бес жыл ішінде мектеп Абай мұрасын насихаттап келеді.
Іс-шара аясында мектеп оқушылары Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін және поэмалардан үзінділерді жатқа оқып, білімдерін көрсетті.
Біздің мектептің миссиясы - Абай жазған "толық адам" идеалына сәйкес келетін білімді, моральдық тұрғыдан тұрақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Бүгінгі іс - шара оқушыларымызға өздерінің қажырлы еңбектерінің нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік берді",- деді №87 мектеп-гимназиясының директоры Айгүл Қашаева.
Сонымен қатар, іс-шарада құрметті қонақ - абайтанушы, ақын және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Алмахан Мұхаметқалиқызы сөз сөйледі.
Мен Абайдың шығармашылығын ерте жастан оқып келемін және осындай іс-шараларды қолдауды өз міндетім деп санаймын. Мұндай іс- шаралар ұлттық сана-сезімді, мәдени құндылықтарды қалыптастыру және біздің тарихымызды құрметтеу үшін маңызды", - деп атап өтті Алмахан Мұхаметқалиқызы.
Сахнада Абай шығармашылығына арналған қалалық және республикалық байқауларда жетістікке жеткен оқушылар да өнер көрсетті. Олар өздерінің өнері арқылы көрермендерге ұлы ақынның шығармашылық мұрасын қайта таңдануға мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 12:00 8326
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 296 кәсіпорны 18,8 мың жұмыскерге 4,5 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 8,1 мың еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 251 ұйғарым берілді және 51 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,7 млрд теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 577 тексеру жүргізді, оның барысында 8 122 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында - 6 219; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 1 835; халықты жұмыспен қамту бойынша - 68.
Жұмыс берушілерге 3 326 ұйғарым беріліп, 408,5 млн теңге сомасына 3 548 әкімшілік айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 36,4 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 11:44 8176
Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде теңіздегі су көлемі 42%-ға ұлғайды
Достарға айту
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Арал ауданының тұрғындарымен Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады. Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, Қызылорда облысының су шаруашылығы өкілдері мен сарапшы-ғалымдар қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезең қорытындысы бойынша теңіздегі су көлемі 42%-ға артып, 27 млрд текше метрге жетті. Теңіз суының тұздылығы төрт есеге жуық төмендеп, жыл сайынғы балық аулау көрсеткіші 8 мың тоннаға дейін жетті.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі "Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру" жобасын әзірлеуде. Жоба негізгі 3 негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру, су ресурстарын басқаруды жақсарту, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамыту, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралар қарастырылған.
Айта кету керек, Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы Аралға 2,6 млрд текше метрге жуық су жіберді. Оның ішінде суару кезеңінде рекордтық көлем - 1 млрд текше метр су барды.
Бұл Сырдария суын сауатты бөлу және оны үнемдеудің нәтижесінде мүмкін болды. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы Аралға бар болғаны 816 млн текше метр су жіберілген еді.
Бұл нәтижелер - соңғы екі жылда жүргізілген жүйелі жұмыстың жемісі. Біз су үнемдеу, трансшекаралық өзендердегі су ресурстарын әділ бөлу мәселесінде көршілес елдермен өзара түсіністікке қол жеткізіп, нақты қадамдар жасадық. Алдағы уақытта да осындай келіссөздерді жалғастыра отырып, маңызды су қоймаларының деңгейін тұрақты ұстап тұруға бар күшімізді саламыз. Аралды қалпына келтіруге бағытталған жоба ең алдымен өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, балық шаруашылығы мен туризмді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр",-деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Жобаның негізгі бағыттары туралы баяндамалардан кейін, жиын "ашық микрофон" форматында жалғасты. Аудан тұрғындары жобаны іске асыруға қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Нұржан Нұржігітов қоғамдық талқылаудан кейін азаматтарды жеке қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 11:37 8371
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды
Достарға айту
Маңғыстау облысының прокуратурасы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасынің баспасөз қызметінен.
Прокурорлармен қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды.
Аталған факт бойынша 11.12.2024 жылы компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд. теңге айыппұл салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 11:35 8556
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
Достарға айту
Үкімет Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді. Жоба "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң шеңберінде іске асырылуда. Президенттің тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражат өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған. Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған.
2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде. Бұдан басқа, Үкімет 2025 жылдың соңына дейін спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу бағдарламасын іске асыруда: 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін реконструкциялау жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 50,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның ішінде біреуі музыкалық мектеп, спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша бар.
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.
Жұмыс жалғасып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 16:30 70956
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
Достарға айту
Биыл алғаш рет түркітілдес елдер арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтетін негізгі іс-шаралардың біріне айналмақ. Бастама түркітілдес елдердің жастары мен студенттері арасында кәсіби шеберлікті дамыту мен ілгерілетуге, түрлі салалардағы үздік тәжірибелерді анықтауға, экономикасы өзара байланысқан елдермен инновациялық шешімдер бойынша тәжірибе алмасуға және оларды іске асыру үшін платформа құруға бағытталған.
Чемпионат Түрксой ұйымының 2025 жылғы мәдени астанасы болып таңдалған Ақтау қаласында өтеді деп күтілуде.
Анықтама үшін: WorldSkills қозғалысы кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды жетілдіру үшін бірлесіп жұмыс істейтін 89 елді біріктіретін әлемдегі жұмысшы кәсіптерінің беделін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Қазақстан 2014 жылдан бастап WorldSkills International халықаралық қозғалысының толыққанды мүшесі болып табылады. 10 жыл ішінде елімізде 30 құзыреттілік бойынша 200-ге жуық өңірлік және 8 республикалық чемпионат өткізілді. Өткен жылы ұлттық құрама WorldSkills Lyon 2024 әлем чемпионатында ел тарихында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, "Ұлттың үздігі" номинациясы бойынша 6 медаль мен марапатқа ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 16:23 70751
Абай облысында тегін дәрі-дәрмек берудің жаңа жүйесі енгізілуде
Достарға айту
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор - "СК-Фармация" ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды.
Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді.
Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін "жалған рецептер" жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.
Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында EGOV Mobile қосымшасының "Әлеуметтік әмиян" бөлімінде QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді.
Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетуде.
QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба іске қосылды және барлық республика бойынша масштабталды.
2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. - 77,6 мың, 2024 ж. - 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 ж. - 707,6 мың рецепт, 2024 ж. - 682,4 мың рецепт).
Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмектерді жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 16:10 92116
2024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды
Достарға айту
2024 жылы 107,9 мың, оның ішінде 52,4 мыңға жуық жұмыссыз азамат Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі - Skills Enbek) курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Skills Enbek-те барлығы 498,7 мың қазақстандық тіркелсе, оның 135,0 мыңы - 2024 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 410,9 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқудан өткен 52,4 мың жұмыссыз азаматтың 16,2 мыңға жуығы Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қалаларының жастары.
Skills Enbek іске қосылған сәттен бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 643 курс жариялады, оның 302-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Ең танымал курстар - "Построение отдела продаж в отеле", "Пішу және тігу", "Продавец", "Введение в социальную работу" және "Кассир".
Платформа үш тілде қол жетімді және басқа білім беру порталдарымен бірқатар интеграциялары бар онлайн-курстардың бірыңғай витринасын құруға арналған алаң болып табылады. Skills Enbek-те жұмыссыздардың, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің және мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін жеке көмекшілердің біліктілігін жаппай арттыру үшін жағдайлар жасалған. Сонымен қатар сертификатты жүктеу кезінде оған жаңа функционал қосылды, яғни Электрондық еңбек биржасына (Enbek.kz) да көшірілуі арқылы алынған дағдылар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады.
2024 жылы Skills Enbek-те прокторинг жүйесін қолдана отырып тестілеу мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі уақытта функционалды мүгедектік тобын беру бойынша мемлекеттік қызметті сырттай проактивті көрсетуге тартылатын дәрігерлер және ұсынылған курстарда оқу кезінде әлеуметтік қызметкерлер пайдаланады. Қыркүйек пен желтоқсан аралығында 9 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік қызметкер курстары бойынша оқудан өтті. Сондай-ақ, жеке көмекшілер курстарынан өту үшін 6,1 мың адам тіркеліп, оның 5,7 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сертификаттар алды.
Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша 35,3 мың адам оқуды аяқтап сертификаттар алды, оның ішінде 39,8%-ы жастар. Өз бизнесін бастауды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға осы курс бойынша оқу қажетті базалық білім мен дағдыларды алуға көмектеседі.
Күміс жас" жобасы аясында 50 жастан асқан азаматтарға ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм, ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша тегін курстар қолжетімді. 2024 жылы Skills Enbek-те жобаның 27 мыңнан астам қатысушысы тіркелді, оның ішінде 23,4 мың адам оқудан өтіп, сертификаттар алды.
Сонымен бірге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін Skills Enbek-те "әлеуметтік" қойындысы қосылды, онда "Qolqanat Foundation" қоғамдық қорымен ынтымақтастық шеңберінде кейбір ақылы курстар бойынша тегін оқудан өту мүмкіндігі берілді.
Skills Enbek функционалдығының кеңеюін ескере отырып, жасанды интеллект пен процесті автоматтандыруды қолдана отырып, чат-бот енгізілді, ол пайдаланушының сұранысы бойынша курстарды таңдау және жылдам іздеу үшін ұсыныстар жасайды. Навигация бойынша көмек пен ұсыныстарды беттегі виджеттен алуға болады.
2024 жылы Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының "COVID-19 пандемиясымен күрестегі Қазақстан үшін ынтымақтастық қоры" бастамасы шеңберінде Data Science, Python, интернет-қауіпсіздік, product және HR-менеджмент бағыттары бойынша тегін курстардың тізбесі кеңейтілді.
Жалпы, онлайн оқытуды дамыту арқылы азаматтар жаңа дағдыларды игеруге, біліктілігін арттыруға және күнделікті өмірде цифрлық құралдарды тиімдірек пайдалануға мүмкіндік алады, бұл экономиканың өнімділігі мен инновациясының өсуіне ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Enbek.kz сайтындағы "Онлайн оқыту" бөлімін таңдау арқылы тікелей қол жеткізуге болады. Курстарға Enbek мобильді қосымшасы арқылы қол жеткізуге болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болады.
Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты - студент тарапынан курсты бағалау.
Алынған сертификат Еnbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыскерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.
Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.
Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарауға қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны көзделген, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.01.2025, 11:35Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады 13.01.2025, 11:37 8336"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды13.01.2025, 11:44 8141Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде теңіздегі су көлемі 42%-ға ұлғайды13.01.2025, 11:56 7666Павлодар облысында жолдарды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды13.01.2025, 12:00 74612024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
09.01.2025, 16:58 119296Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты09.01.2025, 17:13 1191312024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді10.01.2025, 16:10 920812024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды10.01.2025, 15:46 899112025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді10.01.2025, 15:57 89901Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
30.12.2024, 17:17 152171Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146306Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146026Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145551Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135461Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті