Президент мұнай тасымалдау көлемін ұлғайту үшін Ақтау және Құрық теңіз порттарының қуатын арттыру туралы мәлімдеді
Маңғыстау – географиялық тұрғыдан ұтымды жерде орналасқан өңір. Біз бұл өлкені әлемдік деңгейдегі көлік-транзит торабына айналдыруымыз керек. Портты қала Ақтау – Қазақстанның теңізге шығатын қақпасы. Жаһандық логистикалық жүйе қайта қалыптасып жатқан қазіргі кезде Каспий теңізінің маңызы күрт арта түсті. Порттың инфрақұрылымын дамыту үшін инвестиция тартуды, контейнерлік және көлік-логистикалық хаб құруды көздеп отырмыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы мәселе бойынша серіктес елдермен өзара түсіністік бар. Ақтау және Құрық порттарының қуатын арттыратын болдық. Бұл олардың өткізу мүмкіндігін жетілдіріп, мұнай тасымалдау көлемін жылына 20 миллионға дейін жеткізу үшін қажет", - деді Президент.
Жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Үкіметке құрылысты бастау үшін қажетті құжаттарды жедел дайындауды тапсырамын", - деді Тоқаев.
Үкімет әкімдікпен бірлесіп, "Ақтау – Форт-Шевченко", "Таушық-Шетпе" жолдарын жөндеуге келесі жылдан бастап кірісуі керек. Жол сапасы – әр аймақтың даму деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштің бірі. Азаматтар дамудың нәтижесін жиналыстарда емес, күнделікті өмірде көріп, сезінуі қажет. Сондықтан экономиканың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін облыстың инвестициялық әлеуетін арттырған жөн", - деді Президент.
Бұған дейін мен арнайы экономикалық аймақтарда бос жатқан жер телімдерін инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырдым. Осы жұмысты жандандырамыз. Үкімет арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мерзімін ұзартуы қажет деп есептеймін. Қазақстан шетелдік әріптестермен инвестициялық ынтымақтастықты дамытып келе жатыр. Соның бірі – "Жасыл" сутегін өндіру және тарату орталығын" салу жобасы", - деп атап өтті Тоқаев.
Қазір бүкіл әлемде инвестиция үшін бәсеке күшейді. Біздің еліміз өз әлеуетін толық пайдаланып, инвестициялық ахуалды жақсартуға мықтап кірісуі керек. Тағы да қайталап айтамын: Үкімет пен әкімдер бірлесіп, бұл мәселеге баса назар аударуға тиіс", - деп түйіндеді Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Өңірлерде ормандағы өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтіледі
Облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жарақтандыруға биыл жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге және лизинг есебінен 20 млрд теңге бөлді. Осылайша, жыл соңына дейін әкімдіктердің орман шаруашылықтарына 26,3 млрд теңге сомасына 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман өрт сөндіру кешенін және 247 трактор сатып алу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан шаралар еліміздің ең өрт қаупі жоғары 11 өңірінде орман шаруашылығын жаңартуға және 100% жарақтандыруға мүмкіндік береді", - деді Ерлан Нысанбаев.
Облыс әкімдіктері дала өрттерінің алдын алу және жою, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік әзірлікке келтіру жөнінде жан-жақты шаралар қабылдауы қажет. Қазгидрометтің болжамы бойынша, биылғы жаз өте ыстық болады. Облыс әкімдіктері ормандарда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша барлық шараларды қабылдауы қажет", - деп түйіндеді сөзін Ерлан Нысанбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Автомобиль және теміржолдардағы жағдай тұрақты: Шайып кету және су басу байқалмайды
Ағымдағы су тасқыны кезеңінде жол қызметтері жедел алдын алу шараларын қабылдады: алдын ала қар мен мұздан тазартылған 8 мың су өткізу құбырлары арқылы еріген қар суын кедергісіз өткізу қамтамасыз етілді; су басу қаупі бар учаскелерде дайындалған инертті материалдарды пайдалана отырып, жол жиегінде үйінділер орнатылды және құм салынған қаптар төселді; қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету үшін жол жиектерінде ескерту белгілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді", - деп нақтылады министр.
Қазіргі уақытта Петропавл қаласы айналма жолының учаскесін су басуда, онда баламалы жолды қамтамасыз етіп, көліктердің қозғалысына шектеу қойылды", - деді министр.
Қазіргі уақытта еріген суларды жасанды құрылыстар арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылуда. Су тасқыны қаупі бар 673 учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған", - деді ол.
Теміржолдарды су басу қаупі мен пойыздардың қозғалысында қиындықтар жоқ. Пойыздардың қозғалысын қысқамерзімге тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылданды, Арқалық стансасының су тасқынына қарсы пойызы іске қосылды. Су тасқыны кезеңінен өту мәселесі бақылауда, барлық қажетті шаралар қабылдануда", - деп түйіндеді Марат Қарабаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Энергетика, өнеркәсіп және цифрлық технологиялар: ЕАДБ Қазақстанға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жаз өте ыстық болады: премьер-министр өрт қаупі жоғары маусымға дайындалуды тапсырды
Тексеріс көрсеткендей, Табиғи өрттердің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары барлық өңірде бірдей тиісті деңгейде іске асырылып отырған жоқ. Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы елді мекендердің айналасынан минералды белдеу жасау жұмыстары басталмаған. Далалы жерлерде, орманда өрт шығатын болса, бұл ауылдарға тікелей қауіп төнеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында елді мекендердің аумағын қураған шөптер мен қоқыстардан тазарту жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілмеген. Одан бөлек, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының орман мекемелері өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес. Осыған байланысты өңір әкімдеріне биылғы маусымға дайындық жұмыстарын күшейтуді және бұл мәселені тікелей бақылауға алуды тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Оқу-жаттығуларда трансшекаралық өртті сөндіру және көрші мемлекеттердің қызметтерімен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау керек. Өрт қаупі жоғары өңірлерде мемлекеттік авиацияның өрт сөндіруге арналған тікұшақтарының кезекшілігін ұйымдастыру мәселесін қараңыздар. Орман алқаптары мен ашық жерлерді шолып шығу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану керек", - деді Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астанадағы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінен 2,5 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алатау ауданында 119 СЕСН бұзылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен шамамен 5 млн қазақстандық қамтылған
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.04.2025, 09:51Жаз өте ыстық болады: премьер-министр өрт қаупі жоғары маусымға дайындалуды тапсырды 15.04.2025, 10:12 5651Энергетика, өнеркәсіп және цифрлық технологиялар: ЕАДБ Қазақстанға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр15.04.2025, 09:41 2621Түркістан облысында аудандық білім бөлімінің басшылары сотталды15.04.2025, 13:55 16Қазақстан мен Пәкістанның жоғары аудит органдары басшылары Душанбеде кездесу өткізді
10.04.2025, 18:03 100826Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері 520-дан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген10.04.2025, 17:06 100371Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды11.04.2025, 17:18 90111Астананың жедел жәрдем автопаркі 50-ге жуық көлікпен толықтырылды11.04.2025, 15:33 87186Біз қатаңдатпаймыз, тек ретке келтіреміз - Тоқаев жаңа салық саясаты туралы пікірін білдірді11.04.2025, 11:25 80096Президент Шымкенттегі бірқатар нысанды аралап көрді
20.03.2025, 18:41 126461ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов "Үміт" балаларды қолдау орталығына барып қайтты21.03.2025, 18:05 126451Астанада Наурыз мерекесіне орай ерекше эко-киіз үй орнатылды20.03.2025, 17:49 124411Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 122711Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды21.03.2025, 11:38 122056Астанада "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті