12.07.2024, 17:52 82036

Психологтар мен заңгерлер Қазақстан аймақтарында отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істейді

Психологтар мен заңгерлер Қазақстан аймақтарында отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істейді
Психологтар мен заңгерлер Қазақстан аймақтарында отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен. Соңғы екі жылдан бері психологтар мен заңгерлер Қазақстанның бес өңірінде отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істеуде. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша "Әйелдер сәулесі" қоғамдық бірлестігі арқылы Астана, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысында жүзеге асты. Өткен жылы мамандар 400-ден астам консультация өткізсе, ал биыл 150-ден астам кеңес берілген. Агрессорлармен кездесу уақытша ұстау изоляторларының, Ішкі істер департаменттерінің аумағында және консультациялық кабинеттерде ұйымдастырылады. Жоба психологтары ерлерді ашуын бақылауға үйретеді. Сондай-ақ жанжалдың алдын алу үшін серіктеспен диалогты қалай құру керектігін айтады. Жоба психологтарының айтуынша, отбасында әлімжеттік жасайтындар өздерінің қателіктерін мойындап, өкініш білдіретін жағдайлар болған. Көбі психологпен одан әрі жұмыс істеуге келісім береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны