22.10.2022, 14:34 40721

Шетелде жүрген қазақстандықтар 53 елде президенттік сайлауға қатыса алады

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскелері құрылды.
Шетелде жүрген қазақстандықтар 53 елде президенттік сайлауға қатыса алады
Астана. 22 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шетелде қатыса алады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскелері құрылды, олардың тізімімен мына жерден танысуға болады.
 

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады. ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2022 жылғы 20 қараша, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады", - деп хабарлады қазақстандық СІМ.

 
Сонымен бірге, ведомство шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруді сұрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны