30.01.2025, 16:43 8876

Техникалық реттеу талаптарын бұзған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тұтынушылар үшін маңызды тетіктердің бірі болып табылады. 2024 жылы жергілікті департаменттер 8 мыңнан астам бақылау іс-шарасын жүргізді. 6152 жағдайда бұзушылықтар анықталды, бұл тексерулердің жалпы санының 74%-н пайызын құрайды. Бұл туралы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның хабарлауынша, бақылаудың 64%-ы профилактикалық сипатта жүргізілді. Бұл ретте бақылау субъектісіне барудың қажеті болмады. Тексеру қорытындысы бойынша 411 млн теңгеден астам сомаға 790 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

2024 жылы барлық облыстарда прокуратура органдарымен бірлесе отырып, құзырымызға кіретін 2528 субъектіге қатысты тексеру шаралары жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша өлшеу құралдарын салыстырып, тексеру мерзімдерін сақтамау фактілері анықталды. Тексерілмеген құралдардың жалпы саны 13 595 бірлікті құрайды. Денсаулықтың маңызды көрсеткіштерін өлшеудің дұрыс емес нәтижелері қате диагнозға әкелуі мүмкін. Нәтижесінде 68 тексеру субъектілері жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 275 млн теңгені құрады", - деді спикер.


2024 жылы делдалдардың тауарларға сертификаттар алу сайттарына ауқымды тексеру жүргізілді. Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы тауардың қауіпсіздігін және оның сынақтардан сәтті өтуін растайтын ресми құжаттар болып табылады. Сәйкестікті бағалауға құқығы жоқ аккредиттелмеген тұлғалардың "жылдам" сертификаттар жарнамасын таратуы тұтынушыларды жаңылыстырады, заңнаманы бұзады және бұл жағдайлар, көбіне, "сұр сертификаттар" деп аталатын құжаттарды берумен байланысты болып шықты. Осылайша, сұр сертификаттарды аккредиттеусіз сатуды насихаттайтын 76 платформа анықталды. Оның ішінде Satu.kz және OLX сайттарына сәйкестікті бағалау құжаттарын сату бойынша жарнамаларды бұғаттау және жою қажеттілігі туралы ескертілді.

Сонымен қатар департаменттер сатылатын өнімнің бірқатар үлгісін бақылау үшін сатып алды, олардың 90%-ына қатысты бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік бақылау нәтижесінде барлығы 55 жедел ден қою шарасы қолданылды, оның ішінде 48 тауарды сатуға тыйым салынды және 5 млн теңгеден астам сомаға 7 өнім тәркіленді. Мысалы, Ақтөбе қаласында 3,4 мың метр электр кабелі өнімдерін алуға тыйым салуға қаулы берілді. Заңды бұзғандарға айыппұл салынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны