29.09.2022, 14:51 26701

Тоқаевқа ФИДЕ Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңін өткізу туралы баяндалды

Тоқаев осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу еліміздегі шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Тоқаевқа ФИДЕ Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңін өткізу туралы баяндалды
Сурет: Ақорда
АСТАНА. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Астанада әлемнің 12 мықты шахматшысының басын қосқан ФИДЕ Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы мәлімет берілді. 
 
Қасым-Жомарт Тоқаев осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу еліміздегі шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.
 

Қазақстанда шахмат кеңінен танымал, әсіресе, балалар мен жастар арасында. Бізде 7 мыңнан астам секция жұмыс істейді, дегенмен бұл көрсеткішті кемінде екі есе арттыруға тиіспіз. Қазір шахматпен 200 мыңнан астам адам айналысады. Қазақстандық шахматшылар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Біз бұл спортты қолдауға баса мән береміз. Шахматты дамытудың Жол картасы әзірленді. "Мектептегі шахмат" ауқымды жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр", – деді Мемлекет басшысы.

 
Өз кезегінде Аркадий Дворкович Қазақстанда шахматты жеке қолдағаны және танымал спортқа айналдырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ФИДЕ шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.
 
Сонымен қатар, олар Қазақстан мен ФИДЕ арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасып, елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу перспективаларын талқылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны