28.02.2025, 13:45 7151

Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде

Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде, деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жетісу облысының прокуратурасымен "Заң және Тәртіп" идеологиясын бекіту аясында алимент бойынша борышкерлерді қылмыстық қудалауға дейін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Тексеру барысында Панфилов ауданының 3 борышкеры 5 жылдан астам уақыт бойы өз міндеттемелерін орындаудан әдейі жалтарып, жалпы қарызы 19 миллион теңгеге жеткені белгілі болды.

Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бұл шаралар тиімді нәтиже бермеген.

Сондықтан прокурорлар ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қатаң шаралар қабылдап, қылмыстық жауапкершілікке тарта бастады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 19 миллион теңге көлеміндегі берешек толығымен өтелді, содан кейін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды.

2024 жылы 3 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 50 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 40-ы әкімшілік қамауға алынды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы алименттік қарыздың 103 миллион теңгеден астам сомасынан 72 миллион теңгеден астам өндірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны