28.01.2025, 16:59 50081

ЖЖМ бағасы ақпан айынан бастап өседі - Энергетика министрлігі

ЖЖМ бағасы ақпан айынан бастап өседі - Энергетика министрлігі
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында жанармай бағасы келешекте қалай реттелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып.

Мұнай өнімдерінің бағасының өсуі туралы айтсақ, бұған дейін Президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойды. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру туралы шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар. Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шараларды Үкіметтің қолында қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды", - деді ол.


Министр жанар-жағармай мен сұйытылған газдың бағасын ақпан айынан бастап өсіруді жоспарлап отырғандарын мәлім етті.

Тауарлық газдың бағасы биылғы жазға қарай біртіндеп өседі деп отырмыз", - деді ведомство басшысы.


Сондай-ақ Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газдың бағасы 98 теңгеден ары қымбаттамайды деген мәлімет келтірді.

Былтыр баға диапазонын 54-55 теңге болса, 59-90 теңге арасында болады. Ол енді өңірлерге байланысты. Ең жоғарғы диапазон өңірлерде 64 теңгеден 98 теңгеге дейін болады деп отырмыз", - деді Энергетика министрі.


Бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС салуға қайтадан референдум өткізілмейтіні туралы айтқан еді.

Еске салсақ, Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Үкімет қосылған құн салығын 20 пайыз көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ екенін айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны