13.01.2025, 11:40 3996
20 млн теңгеге алаяқтық жасады деген қазақстандық Новосибирскіде ұсталды
Достарға айту
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған.
Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.01.2025, 15:05 3041
Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылары сотталды
Достарға айту
Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өңірдің екі тұрғыны Ақтөбе аумағында кісі өлтіру және есірткі зертханасын ұйымдастыру деректері бойынша әрқайсысы 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Олар психотроптық заттарды заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мақсатында өңірдің тұрғынын (өздері мен куәны байланыстырушы) өлтірген.
Прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық іс тергеп-тексеріліп, қысқа мерзімде сотқа жолданды.
Сотталғандардың кінәлары сотта жан-жақты және толық зерделенген дәлелдер жиынтығымен дәлелденді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 14:51 3361
Қазақстанда 2024 жылы 22 тонна есірткі тәркіленді
Достарға айту
Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда 2024 жылғы жұмыс нәтижесі талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиында аумақтық полиция бөліністерінің, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің және ведомстволық оқу орындарының басшылары қатысты.
Мемлекет басшысы өзінің жақында берген сұхбатында Заң мен Тәртіп қағидатын жүзеге асыру қажеттігін тағы да атап өтті. Бұл әділетті Қазақстанның негізі болып табылады. Сонымен қатар маңызды және нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда: қылмыспен күрес, бандитизмнің алдын алу, қабылданған заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Бұл бағыттарды жүзеге асыру - біздің негізгі міндетіміз", - деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Өткен жылы қабылданған кешенді шаралардың арқасында елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға, ал жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 8 мыңға азайған. Аса қауіпті қылмыстардың, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, мал ұрлығы, алаяқтық, қарақшылық және тонау қылмыстары төмендеген.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар, заманауи цифрлық шешімдер, жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру қылмыстардың алдын алуда маңызды рөл атқарды. Жасөспірімдермен, қоғамдық орындарда және қару қолдану арқылы жасалған қылмыстардың саны азайды. Сонымен қатар заманауи тергеу әдістерін енгізудің арқасында барлық қылмыс санаттары бойынша ашылу көрсеткіші жақсарды.
Айта кету керек, 2024 жыл министрдің бастамасымен "Кадрлық әлеуетті арттыру жылы" деп жарияланған болатын. Бұл маңызды қадам полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге және олардың жұмыс тиімділігін жақсартуға бағытталды. Былтырғы ауқымды шаралардың бірі орта буын басшыларының кезектен тыс аттестациясы болды. Министрліктің құрылымында есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылды. 12 ай ішінде 7920 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 3430-ы қылмыс. Шамамен 22 тонна есірткі тәркіленді. 63 есірткі зертханасы жойылды.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес - полиция жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі. Ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық етіп, оған қатысудың 45 фактісі анықталып, жолы кесілді, оның ішінде үшеуі трансұлттық болған. Соңғы жылдары киберқылмысқа қарсы күрес ерекше маңызға ие. Бұл мәселені шешу үшін ведомствода бейінді департамент ашылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін іздестіріліп жүрген 1949 қылмыскер ұсталды.
Сондай-ақ 1361 жоғалған адамның мекенжайы анықталды. Жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл тақырып автокөліктер санының өсуі, қозғалыс тығыздығының артуы және инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігі жағдайында өте маңызды. Өткен жылы елімізде 30 мыңнан астам жол апаты тіркелген. Мұндағы олқылықтарды ескере отырып, тәртіп сақшыларына жол ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірге жол инфрақұрылымын жақсартып, қауіпсіздік деңгейін арттырып, өрескел құқық бұзушылармен кешенді жұмыс жүргізу және цифрлық шешімдердің мүмкіндіктерін пайдалану тапсырылды.
Өткен жылды қорытындылай отырып, министр әріптестеріне профилактикалық жұмыстарды күшейтуді және осы бағытқа қоғамды жұмылдыруды, жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың жолын кесіп, жергілікті жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз етуді тапсырды. - Бұл нәтижеге профилактикалық жұмысты басты назарға алудың арқасында жеткенімізді атап өткім келеді. Биыл осы істі белсенді түрде жалғастыру қажет. Ең бастысы - қылмыстардың алдын алу және олардың жасалуына ықпал ететін себептерді жою. 2025 жылды "Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде" деп жариялаймын. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің басшыларына профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеймін. Заң мен Тәртіпті нығайту мақсатында біз қылмысқа қарсы күресті жалғастырып, заңды құрметтейтін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғауды қамтамасыз етеміз", - деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 16:24 22656
Маңғыстауда колледждің бас бухгалтері 243 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінді
Достарға айту
Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 12:40 22161
Түркістан облысында қарауылдан 2,4 мыңнан астам "Трамадол" таблеткасы тәркіленді
Достарға айту
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полициясы трамадол дәрісін тасымалдаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданы тұрғынының басқаруындағы Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 трамадол таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі.
Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық зат таблеткалары бар тағы 1 пакет табылды. Алынған препараттың жалпы саны - 2416.
Белгілі болғандай, Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істеп, дәрігер беретін рецепт бланкілерін пайдаланып, "Трамадолды" сатып алу үшін Шымкент қаласына барған. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 12:35 22436
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Достарға айту
Жамбыл облысында прокуратураның үйлестіруімен полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлінісі ҰҚК-мен бірлесіп, діни радикалдар тобының 11 мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерінің сезімдерін қорлайтын, өз діндестерінің үстемдігін және өзге сенімдегілердің төмендігін насихаттайтын аудио және видеоматериалдарды, соның ішінде шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін таратқан.
Аталған материалдардың кейбірі бұрын сот шешімімен діни алауыздықты қоздыратын ақпарат ретінде танылып, Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынған. Тұрғылықты жерлерін тінту барысында түрлі діни мазмұндағы материалдар мен басқа да айғақ заттар тәркіленді. Сараптама нәтижесінде осы материалдардан діни алауыздықты насихаттау белгілері анықталды.
Топтың жетекшілері мен белсенді мүшелерінің төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, қалғандары қылмыстың куәгерлері ретінде кінәларын мойындады.
Топ болып қасақана діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 16:31 36776
ҚМА дроперлер арқылы ақша жылыстатудың қылмыстық схемалары туралы хабарлады
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірістерді заңдастыру мақсатында 6,2 мың "дроп-карталардың" пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында кәсіби жылыстаушылар үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған.
Көбінесе "дроп-карталар" есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған.
Іс жүзінде "дроптар" деп аталатындар халықтың осал топтарына жататын адамдар болды (жұмыссыздар, студенттер, зейнеткерлер және басқалар), олар қылмыстық схемалардағы рөлдерінің барлық салдарын түсінбейді.
Мұндай карталардың иелерінің 90%-дан астамы резидент емес тұлғалар болған. Олар туралы ақпарат шетелдік мемлекеттердің құқық қорғау органдарына берілді.
Мұндай заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін Қаржылық мониторинг агенттігі уәкілетті органдармен бірлесіп келесі шараларды қабылдады:
• банктік карталарды үшінші тұлғаларға беру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер бастамашылық етілді;
• күдікті шоттардағы қаражатты "тоқтату" және қашықтықтан банктік қызмет көрсетуді өшіру механизмі енгізілді;
• бір клиентке берілетін банктік карталардың санын шектеу және 10 немесе одан да көп карталары бар клиенттерге тексерістер күшейтілді;
• күдікті операцияларды анықтау және күмәнді клиенттерді қаржы мониторингінің субъектілерінің қызметтерінен ажырату үшін типологиялар әзірленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 16:12 37056
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Сербияда ұсталды
Достарға айту
Үлкен көлемдегі алаяқтық үшін іздеуде болған ер адам Сербияда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен 2023 жылдың қыркүйек айында үлкен көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сербияда ұсталды.
Бүгін 45 жастағы қаскөй Бас прокуратурамен Қазақстанға экстрадицияланды.
2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Азамат онымен келісімшарт жасасып, 43 млн теңгеден астам ақшасын аударған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 12:47 38201
ҚР ҰҚК бір жылда 30-дан астам жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды
Достарға айту
2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шеңберінде 31 халықаралық және 27 өңірлік жеткізу арнасын жойып, 32 жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және "синтетика" жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленді.
Қара нарықта" тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады.
Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды.
Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылды.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.01.2025, 11:35Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады 13.01.2025, 11:37 8336"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды13.01.2025, 11:44 8141Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде теңіздегі су көлемі 42%-ға ұлғайды13.01.2025, 11:56 7666Павлодар облысында жолдарды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды13.01.2025, 12:00 74612024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
09.01.2025, 16:58 119296Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты09.01.2025, 17:13 1191312024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді10.01.2025, 16:10 920812024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды10.01.2025, 15:46 899112025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді10.01.2025, 15:57 89901Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
30.12.2024, 17:17 152171Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146306Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146026Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145551Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135461Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті