02.02.2024, 12:52 32136

230-дан астам адамды алданған адам Қызылордада ұсталды

Келтірілген залал 2,9 млрд теңгені құраған
Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық қылмыс бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

А.ж. 30 қаңтар күні Бас прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті Р.Қ.Қаржауов ұсталды.

Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиелерін рәсімдегендігі анықталған.

Барлығы 235 адам зардап шегіп, оларға келтірілген залал 2,9 млрд теңгені құраған.

Тергеу барысында Қаржауов тергеуден жалтарып, іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта Қаржауов Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны