13.01.2025, 15:05 3041

Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылары сотталды

Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өңірдің екі тұрғыны Ақтөбе аумағында кісі өлтіру және есірткі зертханасын ұйымдастыру деректері бойынша әрқайсысы 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Олар психотроптық заттарды заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мақсатында өңірдің тұрғынын (өздері мен куәны байланыстырушы) өлтірген.

Прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық іс тергеп-тексеріліп, қысқа мерзімде сотқа жолданды.

Сотталғандардың кінәлары сотта жан-жақты және толық зерделенген дәлелдер жиынтығымен дәлелденді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны