06.09.2024, 17:40 36761

Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды

Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары "Восход Хром" ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс жасаған.

Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннаданастам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тоннакөлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды.

Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.

Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны