16.09.2024, 13:29 31801
Тоқаев терроризмге қарсы және сыртқы барлау қызметтерінің басшыларын қызметінен босатты
ҚР Президенті ҰҚК төрағасының орынбасары - террорға қарсы қызмет бастығы және ҰҚК төрағасының орынбасары - Сыртқы барлау қызметі директорының лауазымдарынан босату туралы өкімдерге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.01.2025, 17:22 2531
Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде "111" байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды
2025 жылдың қаңтар айынан бастап мектептер мен колледждерде ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп "111" байланыс орталығына қолжетімділікті арттыру үшін арнайы QR-кодтар енгізілді. Бұл орталық отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Енді "111" нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігінен басқа, балалар мен олардың ата-аналары QR-кодтар арқылы сұрау жібере алады. Олар барлық білім беру ұйымдарында, балалар үшін қолжетімді орындарда, сондай-ақ автобус аялдамаларында орналасқан. Аталған жаңалық көмек алудың қолайлылығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Бұрын балалар байланыс орталығына тек телефон арқылы ғана хабарласа алатын, ал енді олардың QR-кодтар арқылы сұрау жіберу мүмкіндігі бар. Бұл қолдауға жүгіну процесін айтарлықтай жеңілдетеді, оны неғұрлым ыңғайлы және қолжетімді етеді. QR-кодтар қажетті ақпарат пен көмекті жылдам және анонимді алуға мүмкіндік береді, бұл балалардың сауалдары мен мәселелеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша "111" байланыс орталығына балалардан 1000-ға жуық өтініш келіп түсті. Оларға анықтамалық ақпарат беріліп, психологиялық қолдау көрсетіліп, мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта уақытылы көмек ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы қабылдаған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң аясында "111" байланыс орталығының қызметі бекітілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 16:44 1801
Президент жаңа Әділет министріне бірқатар тапсырмалар берді
Мемлекет басшысы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын жүзеге асыру аясында белгіленген министрліктің мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтті.
Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 16:34 2306
Қазақстанның банктері мен ақша айырбастау екі жыл ішінде кассалар мен сейфтердің қауіпсіздік шарттарын күшейтуді міндеттеді
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" ҚҰБ 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 Басқарма қаулысына (бұдан әрі - Қағида) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Бұл өзгерістер (кассалық торап үй-жайларына қатысты) жекелеген нормаларды үй-жайларды бұзу және ену қатерлерінен қорғаудың өзекті әдістері көрсетілген ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру аясында енгізілді.
Жаңартылған талаптар кассалық торап үй-жайларындағы терезе ойықтарын қорғау мақсатында орнатуға рұқсат етілген жабдықтардың тізбесін кеңейтуді, сондай-ақ сейф бөлмелеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын өзектендіруді көздейді. Бұл шаралар қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыруға, құндылықтарды сақтауға және үй-жайлардың эстетикалық келбетін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл ретте, енгізілетін өзгерістерге сәйкес үй-жайларды бейімдеу қаржы ұйымдарының шығыстарына тікелей әсер ететінін ескере отырып, өтпелі кезең көзделген. Яғни, қаржы ұйымдары 2 жыл ішінде (ресми жарияланған сәттен бастап) кассалық операцияларды жүзеге асыруға арналған үй-жайларды сәйкестендіруге тиіс. Сондай-ақ, Ұлттық пошта операторы қызметінің әлеуметтік құрамдас бөлігін ескере отырып, оған қатысты жеке өтпелі кезең 5 жыл ішінде көзделді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 14:07 2966
2024 жылы қазақстандықтарға бюджеттен 3,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
2024 жылы республикалық бюджеттен 3 трлн 752,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның 1 трлн 182,3 млрд теңгесі базалық зейнетақы төлеуге, 2 трлн 569,8 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақы төлеуге жұмсалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 451 мың адам.
2024 жылғы желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 356 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 88 819 теңге, базалық зейнетақы - 42 537 теңге.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары - 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 13:59 3251
ІІМ мопедтерді тіркеу ережелерін түсіндірді
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оларды пайдалану үшін: полицияда тіркелу; А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі; техникалық тексеру; азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін); мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.
Маңызды: 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 11:03 4046
2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі
2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының "Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс" Ұлттық құрылтайдың отырысындағы тапсырмасы бойынша 2024 жылы 1 700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді.
Елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, экологияның ластануын төмендетеді, баламалы отын сатып алуға кететін қаражатты үнемдейді және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырады.
2025 жылы мемлекет 7 елді мекенді газдандыруға арналған 45 жобаны іске асыру үшін 65,9 млрд теңге бөлді.
Аталған жобаларды іске асыру елді газдандыру деңгейін 62 %-ға дейін арттырады немесе 12,4 млн-нан астам адам газға қол жеткізеді.
Финская-120" автоматтандырылған газ реттеу станциясын және магистральдық газ бұру құбырын салу Атырау облысындағы ірі жобалардың бірі болып табылады. Бұл жобаны іске асыру Атырау қаласының еуропалық бөлігін қажетті газ көлемімен қамтамасыз ету үшін газ құбырының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өңірдегі өнеркәсіпті дамытуға үлкен серпін береді.
Табиғи газ экологиялық жағдайды жақсартады
Табиғи газды пайдалану көмірқышқыл газы шығарындыларының төмен деңгейіне, зиянды қоспалардың болмауына және көмір мен мазутпен салыстырғанда жоғары энергетикалық тиімділікке байланысты экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.
Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету кезіндегі әлеуметтік жауапкершілік
Мемлекет басшысының "Әлеуметтік әмиян" тетігін енгізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 2024 жылғы желтоқсанда Үкімет Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарына тауарлық газға (24% дейін) жеңілдік түрінде атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосты, осылайша 6000-нан астам адамды қамтыды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша аталған тетік бүкіл ел бойынша енгізілетін болады.
2025 жылы "Талдықорған - Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ұзындығы 302 км "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысы жалғасуда, бұл 124 мың адамды қамтитын Жетісу облысының 66 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыс графиктен оза отырып жүргізіліп жатыр.
Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 ГӨЗ салу жұмыстары жалғасып жатыр
Жоба шикі газды қайта өңдеудің ұлттық бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда, бұл Қашаған кен орнынан мұнай өндіруді тәулігіне 25 мың баррельге ұлғайтуға және ішкі тұтыну үшін тауарлық газ көлемін жылына 700 млн м3 ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қашаған кен орнының шикізат базасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі технологиялық кешеннің құрылысы басталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі мен Қашаған кен орнының акционерлері арасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі кешен салу туралы стратегиялық келісімге қол жеткізілді.
2026 жылдан бастап сұйытылған мұнай газының қосымша көлемі халықты автогазбен қамтамасыз етеді және өңірде мұнай-газ химиясын дамытуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 12:03 69576
2024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
2024 жылдың қорытындысы бойынша 13 568 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі - АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 14 322 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 205 адам жүгінді, оның ішінде 3 093 адамға тағайындалды.
Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 11 117 адам өтініш білдіріп, оның 10 475-іне тағайындалған.
Сондай-ақ, 230 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 34 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 490 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.
Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден - 547 адам, 4 көзден - 1 878 адам), Қостанай (2 көзден - 343 адам, ал 4 көзден - 1 146 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден - 288 адам, ал 4 көзден - 1 162 адам) облыстарында тіркелген.
Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі - БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.
БЖЗҚ деректері бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алды, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асты. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.
Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 11:51 70176
Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды
Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновтің төрағалығымен өткен жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің жаңа басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына тағайындалған Нұрсұлтан Сейдалиев таныстырылды. Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов қатысты, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Салауат Мүксімов өз сөзінде Нұрсұлтан Сейдалиевтің мемлекеттік қызмет саласындағы көпжылдық тәжірибесін және басқарушылық қабілетін атап өтіп, оның жаңа қызметте облыстағы мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Нұржан Құдайбергенов жаңа басшыға сәттілік тілеп, облыс әкімдігі тарапынан өңірдегі мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мен әдеп стандарттарын нығайтуға қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Нұрсұлтан Сейдалиев сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдегі мемлекеттік қызметті дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық нормаларды сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.
Шара барысында қатысушылар Нұрсұлтан Сейдалиевтің тағайындалуы өңірдегі мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға серпін беретініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.01.2025, 11:032025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі 20.01.2025, 13:59 2926ІІМ мопедтерді тіркеу ережелерін түсіндірді20.01.2025, 14:07 26412024 жылы қазақстандықтарға бюджеттен 3,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді20.01.2025, 11:56 2381Алматыда алаяқтар азаматтарға 25 млрд теңгеден астам шығын келтірген20.01.2025, 17:22 Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде "111" байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды2206Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде "111" байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды
16.01.2025, 11:53 925662024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды16.01.2025, 18:45 83571Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті16.01.2025, 18:57 83416Бектенов техникалық мамандарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын кеңейтуді тапсырды14.01.2025, 16:08 71701Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады17.01.2025, 11:51 69851Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды
30.12.2024, 17:17 153391Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 147526Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147221Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 146731Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 136651Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті