27.01.2025, 09:39 6736

Қаңтар оқиғасы барысында ұрланған қару табылды

Қаңтар оқиғасы барысында ұрланған қару табылды
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері тұрақты негізде қару, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды табу және тәркілеу жөніндегі жұмыс жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 атыс және травматикалық қару, оның ішінде 4-уі қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған, сондай-ақ 6 граната және 150-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.

Мысалы, Алматы қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тергеу изоляторының қызметкерлерімен бірлесіп, Түрксіб ауданында қару жасырылған жерді анықтады.

3 шолақ мылтық, 3 тапанша, 4 граната, шамамен 50 патрон, сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин тәркіленді.

Тараз қаласында 2 шолақ мылтық және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған жауынгерлік арбалет табылды.

Ақтөбеде 56 патроны бар ТОЗ винтовкасы мен Ф-1 гранатасы тәркіленді.

Алматы облысында 2 қару, РГД-5 гранатасы және Калашников автоматының 20 патроны, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 Макаров тапаншасы табылды.

Талдықорған қаласында жергілікті тұрғынның автокөлігінен 5 травматикалық тапанша тәркіленді.

Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері заңсыз айналымнан 1000-нан астам қару-жарақ тәркіледі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 130 қару бар. Бұл бағыттағы жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны