15.04.2024, 15:24 38601

Адам өлтіргені үшін сотталғандар Павлодар облысының балабақшалары мен мектептерінде жұмыс істеген

500-ден астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды
Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызметін жүзеге асыру фактілері анықталды, деп хабарлайды Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Мысалы, балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.

Бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды, бұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған.

Железин ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылды, ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.

Жалпы, 500-ден астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны