27.01.2025, 11:36 9156

Алматы облысында ірі допперлер тобы әшкереленді

Алматы облысында ірі допперлер тобы әшкереленді
Алматы облысында ірі допперлер тобы әшкереленді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Алматы облысының полицейлері ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен өңір прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық жолмен алынған ақшаны криптовалютаға аударумен айналысқан ұйымдасқан дропперлер тобының қызметін тоқтатты.

Тергеу барысында 20-дан астам алаяқтық схеманың қатысушысы анықталды, олардың арасында дроптар, дроп-жетекшілер, кураторлар және менеджерлер бар.

Әрбір қатысушы 5-7 банктік шотты пайдаланып, әрбір транзакциядан 1%-дан 3%-ға дейін сыйақы алып отырған. Жаңа дроптарды жинау Telegram-арналары арқылы жүзеге асырылған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 8 миллион теңгеден астам сомадағы қаржы қозғалысы тоқтатылып, схеманың ұйымдастырушысына тиесілі ай сайынғы айналымы 100 миллион теңгеден асатын криптокошелёк анықталды. Қазіргі уақытта банктерден қаржы операциялары туралы ақпарат алу үшін санкцияланған сұраныс хаттар жолданды. Анықталған активтерді тәркілеу мәселесі қарастырылуда", - деп хабарлады полицияда.


Жедел-іздестіру шаралары барысында жеті адам, оның ішінде үш куратор, бір менеджер және үш дроппер ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға шақырады және банктік шоттарды тіркеу немесе бейтаныс адамдардан қаржылық операцияларға қатысу туралы күмәнді ұсыныстардан бас тартуға шақырады. Мұндай әрекеттер алаяқтық схемаларға қатысу ретінде қарастырылып, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Егер сіз осындай қызметтің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны