25.04.2024, 14:44 45061

Алматыда автобуспен адам өліміне әкелген ЖКО туралы іс бойынша сот отырысы өтті

Алматыда автобуспен адам өліміне әкелген ЖКО туралы іс бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен.

Бүгін онлайн-трансляция арқылы Д.Ахметжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленушілер сөз сөйледі.

Мемлекеттік айыптаушы соттан сотталушыны айыпталған іс-әрекетіне кінәлі деп тануды және оған қылмыстарының жиынтығы бойынша нақты 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот отырысы 26 сәуірге, сағат 11:00-ге шегерілді.

Естеріңізге сала кетейік, сотталушы абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырған бұзақылық жасағаны және көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін айыпталуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны