07.02.2025, 16:13 2071
Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды
Достарға айту
Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда арнайы іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері ҰҚКД жергілікті қызметкерлерінің көмегімен синтетикалық психотроптық заттарды бірнеше рет сатты деген күдікпен 30 жастағы әйелді ұстады.
Күдіктіні жеке тінту барысында құрамында ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ зат салынған 44 байлам табылып, тәркіленді. Ал ұсталған азаматшаның көлігінен есірткіні орау және бөлшек саудада сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар кокаин және мефедрон болып шықты. Жалпы салмағы шамамен 400 грамм. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медеу аудандық полиция басқармасы есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
07.02.2025, 16:41 1151
БҚО прокуратурасы 5,4 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу бәсекелестігін қалпына келтіріп, заң бұзушылықтың алдын алды
Достарға айту
БҚО прокуратурасы 5,4 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу бәсекелестігін қалпына келтіріп, заң бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 15 қаңтарда Орал қаласының әкімдігі жалпы сомасы 5,357 млрд теңгеге қаланың көше-жол желісін ұстауға және санитарлық тазалауға 2 ашық конкурс жариялады.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі туралы негізсіз талап қойылып, мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылуына және бәсекелестікті шектеуге жол берілген.
Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша конкурстардың күші жойылды.
Атап өту қажет, 2024 жылы қаланы күтіп ұстау бойынша осындай жұмыстар облыс прокуратурасымен талданған болатын.
Монополиялық жағдай жасай отырып, бір өнім беруші 6 млрд теңгеден астам қаражатты игергені анықталды.
Прокуратураның талабы бойынша БҚО Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментімен жүргізілген тергеу барысында Орал қаласының ТҮКШ бөлімі тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактілері расталды.
Қорытындысы бойынша орган тиісті шаралар қабылдады (заңнама бұзушылықтардын жою туралы ұйғарым енгізілді және ТҮКШ бөлімінің басшысына 150 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл салынды).
Облыс прокуратурасы қадағалау қызметі шеңберінде мемлекеттік сатып алу және бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:16 1371
Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті құрықталды
Достарға айту
Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері такси жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
Белгілі болғандай, қаскүнемдер такси тоқтатып, өздерін қала орталығына апарып тастауын сұраған. Жүргізуші оларды айтылған жерге бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан.
Жүргізушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алып, далаға лақтырып кеткен. Өздері автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан "іздерін суытқан".
Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілді.
Нәтижесінде полицейлер Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іс-шара жұмыстарын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты.
Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:06 1751
Қазақстанға 500 мыңнан астам қорап контрабандалық темекі тасымалдау әрекетінің жолын кесілді
Достарға айту
Ағымдағы жылғы 5 ақпанында Жамбыл облысы Қарасу елді мекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан астам қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен.
Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарысыз жеткізіліп тұрған.
Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады.
Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға берілді.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:00 1961
СҚО-да полицейлер бір айдың ішінде 8 есірткі зертханасын жойды
Достарға айту
СҚО-да полицейлер бір айдың ішінде 8 есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде есірткімен күрестің қаңтар айындағы нәтижелері туралы хабарлады.
ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің хабарлауынша, жыл басынан есірткі құқық бұзушылығының 32 фактісі анықталды, заңсыз айналымнан 17 келіден астам түрлі есірткі заттары алынды.
Мысалы, қызметкерлер қылмыскерлерді ұстаудың бірнеше шараларын жүргізді, олардың барысында есірткі заттарын өсіретін 8 есірткі зертханасы жойылды. 27 қаңтарда полицейлер Петропавл қаласының аумағында есірткі заттарын таратуға қатысы бар басқа қаладан келген екі азаматты ұстау бойынша арнайы операция өткізді.
Тергеу әрекеттері барысында ішінде ақ ұнтақ тәрізді зат бар түйіншектер, электронды таразы, буып-түюге арналған материалдар тәркіленіп алынды. Тәркіленіп алынған мефедрон және α-PvP синтетикалық есiрткiлерінің жалпы салмағы 260 грамнан асты.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.
Ішкі істер министрі жариялаған профилактикалық жыл шеңберінде түрлі форматта 90-нан астам іс-шара өткізілді, әлеуметтік желілерде тарату үшін ақпараттық бейнероликтер дайындалды.
ПД қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы азаматтарға хабарлау үшін брифингтерге, подкасттарға, бағдарламаларға қатысты, студенттерді жария сот процестеріне шақырды.
Жастармен кездесулерде өткен жылдың желтоқсан айында түсірілген есірткі таратушылар туралы "Есірткі жасырушылар. Жаза" жаңа деректі фильмі көрсетілуде.
Фильмде есірткі таратушылар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы айтылады.
Мұхаметқалиев Солтүстік Қазақстан облысындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда көрсетілген басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 14:54 2171
Алматы облысында орман қорын заңсыз пайдаланудың 43 фактісі анықталды
Достарға айту
Алматы облысында орман қорын заңсыз пайдаланудың 43 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуын тексеру барысында мемлекеттік орман қорының нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 44 жер учаскесін анықтады.
Орман қорының экотуризмді және сауықтыру қызметін дамыту үшін берілген учаскелерін орман пайдаланушылар өртке қарсы санитарлық нормаларды сақтамай, сондай-ақ орман ресурстарын ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және орман экожүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды орындамастан жеке мақсаттарда пайдаланды.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларына іс жүзінде иелік етпейтін және агроөнеркәсіптік кешенге қатысы жоқ адамдарға шөп шабу және мал жаю үшін орман қоры жерлерін негізсіз берудің 43 фактісі анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша ауданы 20 мың гектардан асатын орман қорын пайдалану бойынша 60 шарт бұзылды.
Уақтылы қабылданған шаралар жердің деградациясы мен шөлейттенуіне, сондай-ақ аймақтың биоалуантүрлілігінің нашарлауына әкелетін орманды ұтымсыз пайдалануыналдын алды.
Орман қоры жерлерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 11:13 2896
Грузиядан алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Достарға айту
Грузиядан алаяқтық жасады деген күдіктіні экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің көмегімен бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тбилисиден экстрадициялады.
2020 жылы аталған тұлға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен субсидия алуға көмек көрсету сылтауымен Ұлытау облысының 88 тұрғынының қаражатын иемденіп, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Екі сыбайласы әр түрлі жазаға тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып кетті, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды.
2024 жылы ол Грузия аумағында анықталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бас прокуратура азаматтарды алаяқтардың құрбаны болудан сақ болуға шақырады. Өзіңізді және жақындарыңызды қаржылық шығындардан қорғаңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 09:48 3701
СҚО-да ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы заңсыз 50 млн теңгеден астам субсидия алған
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысының 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алу схемасын анықтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Мемлекет жоғары сапалы сүт өндірісін арттыру және импортқа тәуелділікті төмендету үшін сүт-тауар фермаларын ашуды белсенді түрде қолдап, ынталандыруда.
Алайда өндірістік кооперативінің басшысы 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алған.
Өндірістік шығындарды растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген.
Нәтижесінде сот сүт жеткізу мәмілелерін заңсыз деп таныды.
Қаржылық тергеу нәтижесінде, заңсыз алынған субсидияларға күдікті "TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150" маркалы автокөлік сатып алғаны анықталды, ол мүмкін болатын тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамға рәсімделген.
Соттың санкциясымен аталған автокөлікке тыйым салынды.
Күдіктіге қатысты сот 2 айға "қамауға алу" түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады.
Барлық ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2025, 15:36 13401
Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңгеден астам қаржыны қолды қылған
Достарға айту
Ақтау қаласының прокуратурасымен балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректері анықталды.
Талдау барысында №39 "Хиуаз бөбекжай" балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударғаны анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Көрсетілген дерек бойынша сотпен есепшіге қатысты ҚК-тің 189-бабының 3-б. 1) т. үкім шығып, 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
07.02.2025, 10:47Бір аптада қар құрсауынан 250-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды 07.02.2025, 09:48 4211СҚО-да ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы заңсыз 50 млн теңгеден астам субсидия алған07.02.2025, 16:18 3706Мүгедектігі бар адамдар жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Инклюзивті саясат тұжырымдамасы таныстырылды07.02.2025, 16:21 3511Алматы қуыршақ театры Канадада Халықаралық фестивальде Гран-при жеңді07.02.2025, 11:13 3406Грузиядан алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
31.01.2025, 16:58 119681"Қазақстан халқына" Қоғамдық қорын Лаззат Чинкисбаева басқарады31.01.2025, 11:27 114806Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 114026"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 12:42 113621Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды31.01.2025, 16:55 109171Алматыда Digital Almaty 2025 цифрлық форумы өтуде
24.01.2025, 16:38 133611Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 130886Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 130566Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 127911Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1227112024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді