13.11.2024, 14:08 26161

Астана мен Қарағандыда полицейлер есірткінің ірі партияларын тәркіледі

Астана мен Қарағандыда полицейлер есірткінің ірі партияларын тәркіледі
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты белсенді жалғастырып келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде 35 жастағы есірткі жасырушыны ұстады. Жеке тінту барысында күдіктіден 350 орам және синтетикалық есірткі салынған екі үлкен полиэтилен пакет тәркіленді. Сондай-ақ пәтерді тінту кезінде жасыруға дайындалған 1,5 мыңнан астам орам, салмағы бір жарым килограмм болатын 4 үлкен орам, 5 мыңнан астам zip-пакеттер, таразы мен есірткіні өлшеп орауға арналған құрылғылар тәркіленді. Ұсталған адамнан барлығы 6 кг-нан астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 4 кг-дан астам мефедрон, 2 кг үнді марихуанасы және 8 грамм кокаин", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.


Одан бөлек, Қарағандыда 53 жастағы ер адам ұсталды. Ол өз пәтерінің балконында 10 кг-нан астам гашиш сақтаған.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде заңсыз айналымға есірткі заттарының 35 мыңнан астам дозасы жіберілмеді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны