28.02.2025, 14:09 3446

Астанада концерттерге жалған билеттер алаяқ сатқан алаяқ сотталды

Астанада концерттерге жалған билеттер алаяқ сатқан алаяқ сотталды
Астанада концерттерге жалған билеттер алаяқ сатқан алаяқ сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жеңіл жолмен пайда табуды көздеген алаяқ ақпараттық жүйе пайдаланушысының сенімін теріс пайдалану және алдау арқылы заңсыз табыс табу схемасын құрған.

2024 жылы қала тұрғыны елордада өтетін концерттерге билет сату туралы жалған хабарландыруларды "OLX" сайтына орналастырып, арзан бағаға билет сатып алғысы келген азаматтардың назарын аударған. Ол төлем алғаннан кейін (5 мыңнан 50 мың теңгеге дейін) жәбірленушілерге жалған электронды билеттер жолдаған.

Барлығы 38 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 500 мың теңгеден асатын қаражатты иемденген.

Кінәсін мойындауын, шынайы өкінуін, кәмелетке толмаған баласының барын және жәбірленушілерге келтірілген шығынның өтелгенін ескере отырып, сот оған 4 жылға бас бостандығын шектеу және мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын тағайындады.

Астана қаласының прокуратурасы күмәнді хабарландыруларға назар аудармауға және тауарлар мен қызметтерді тек ресми сату орындары мен интернет-платформалардан сатып алуға кеңес береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны