26.10.2023, 18:15 26206

Астаналық полицейлер ірі көлемде есірткі сатушыларды қолға түсірді

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 5 келі, 150 грамм болатын гашиш екені расталды
Астаналық полицейлер ірі көлемде есірткі сатушыларды қолға түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицейлер "Қарасора - 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысқан 38, 33 және 30 жастағы Жамбыл облысының үш тұрғынын анықтады.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатушылар тобы тұрған пәтерді тінту барысында есірткі өсімдік тектес сұр-жасыл заты бар лентаға оралған полиэтилен пакеттерін тапқан.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 5 келі, 150 грамм болатын гашиш екені расталды. Тергеу барысында ұсталғандар кінәсін мойындап, Астана қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі сатушылардың бірі осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін бұрын да бірнеше рет сотталғаны белгілі болған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны