19.09.2024, 14:27 69481
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.11.2024, 22:01 481
12,8 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Достарға айту
2024 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша 12 835 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі - АӘТ) тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған төлемді тағайындауға жалпы 13 673 адам өтініш білдірген.
Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 151 адам жүгінді, оның ішінде 3 037 адамға тағайындалды.
Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 10 522 адам өтініш білдіріп, оның 9 798-іне тағайындалған.
Сондай-ақ, 351 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 119 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 368 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.
Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден - 538 адам, 4 көзден - 1 835 адам), Қостанай (2 көзден - 340 адам, ал 4 көзден - 1 151 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден - 283 адам, ал 4 көзден - 1 173 адам) облыстарында тіркелген.
Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі - БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.
БЖЗҚ деректері бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алады, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.
Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 21:51 356
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы қорытындыланды: ҚХР-дан келушілер саны шамамен 50% артты
Достарға айту
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы қорытындыланды: ҚХР-дан келушілер саны шамамен 50% артты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Ауқымды іс-шара туризм жылының қорытындысы ғана емес, сонымен қатар жаңа бастамалардың бастауына айналды.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысына арналған халықаралық форум екі елдің туризм саласындағы 300-ден астам өкілінің басын қосты. Форум аясында пленарлық сессия, "Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді дамыту динамикасы" және "Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары" атты екі панельдік сессия, екі мемлекеттің туроператорлары мен туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесулері өтті.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында ҚХР қалаларында 30-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам келісімге қол қойылды. Іскерлік және мәдени миссиялар екі ел арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға, Қазақстанның тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етті.
Биылғы жыл Қазақстан мен Қытайдың туризм саласындағы өзара іс-әрекетінің айтарлықтай кеңеюімен ерекшеленді. Біздің елдеріміз арасындағы туристік ағын елеулі өсімді көрсетті. Бұл бізді тату көрші екендігімізді, өзара түсіністік пен мәдени алмасуға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді", - деді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.
Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, отандастарымыздың Қытайға сапары - 31%, ал Қытайдан Қазақстанға келген меймандар қатары 50% өсті. 2024 жылдың 10 айында елімізге Қытайдан 550 мың адам келген. Былтыр бұл көрсеткіш 367 мың адамды құраған еді. Аталған көрсеткіш елдерімізге деген қызығушылықтың артқанын, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында жүзеге асырылған жобалардың нәтиже бергенін көрсетеді.
Биыл Бейжің, Сиань, Шанхай, Гонконг, Үрімші қалаларында Қазақстанның қалалары мен облыстарының туризм күндері өтіп, біздің ел 4 туристік көрмеде (COTTM, ITB China, ITE Hong Kong, Қытай медициналық туризм жәрмеңкесі) ұсынылды. Шаньдун және Хэбэй провинцияларында екі үлкен концерт өтті. Тяньцзинь қаласында "Алтын адам" және "Ұлы дала" көрмелерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің коллекцияларынан экспонаттар ұсынылды.
Сондай-ақ биыл мәдени-ақпараттық іс-шаралармен қатар ауқымды жобалар да ұйымдастырылды. Мәселен, "Жібек жолы" автокеруеніне, Peking-Paris Motor Challenge раллиіне, Жібек жолы бойынша мототурға 500 жуық адам қатысты.
Қытайдың ірі медиа корпорациялары еліміздің туристік әлеуетін белсенді түрде танытты. Қазақстанның ҚХР-дағы туризм жылының жалпы медиа нәтижесі 1,8 млрд қаралымға жетті. Әлеуметтік желілерде еліміз туралы жарияланымдардың қамтылу деңгейі 160 млн пайдаланушыны құрады.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы саяхатшылар үшін жаңа көкжиектер ашып, туризм индустриясы өкілдеріне серіктестікті кеңейтуге жол ашты.
Бүгінгі форум атқарылған жұмыстарды қорытындылаудың және ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды іс-шарасына айналды. 80-ге жуық қазақстандық және қытайлық туроператор іскерлік байланыстарды нығайту және әріптестік орнату үшін B2B келіссөздер жүргізді.
Айта кетейік, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланған болатын. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстан-Қытай туризм және инвестициялар форумы өтті. 2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жарияланды. Бұған дейін бұл туралы қос елдің басшылары бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 21:48 236
ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған "Қазақ өнерінің қара шаңырағы" атты кітап-экспозициялық көрмесінің ашылуы өтті
Достарға айту
ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған "Қазақ өнерінің қара шаңырағы" атты кітап-экспозициялық көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Экспозицияда Ұлттық кітапхана қорында сақталған екі мыңнан аса құнды деректер ұсынылды. Олардың қатарында сирек кездесетін кітаптар, мерзімді басылымдар, ноталық материалдар, компьютерлік дискілер мен күйтабақтар бар. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Ғылыми-ақпараттық кітапхана қорының қолжазбалары мен ноталық басылымдары ерекше назар аудартты.
Көрмеде Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың мемориалдық үйінен әкелінген наградалар мен медальдар, Ахмет Жұбановтың қолданған домбырасы, киген киімдері және тарихи фотосуреттері көрсетілді. Сонымен қатар Құддыс Қожамияровтың сахналық киімі ұсынылды.
Сондай-ақ, іс-шарада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектерінің тұсаукесері өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 21:33 396
Алматыда Qazaq IT цифрландыру күні өтті
Достарға айту
Өткен сенбі күні Алматыда Қазақстанның цифрландыру күніне арналған Qazaq IT Community Day форумы ұйымдастырылды. Іс-шараға 300-ден астам IT саласының өкілдері, оның ішінде талантты қазақстандық жастар қатысты. Форум Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Жасанды интеллект қауымдастығы, Women in Tech Kazakhstan, GDG және Women Techmakers ұйымдарының қолдауымен өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Форумда жастар саясаты мен цифрландыруға қатысты негізгі тақырыптар талқыланды, себебі инновация мен адами капитал Қазақстанның цифрлық әлеуетін айқындайды.
Форумда айтылған басты мәселелер: Жасанды интеллект мамандарын даярлау:
2029 жылға қарай 1 миллион AI талантын дайындауымыз керек. Бұл AI мәдениетін қалыптастыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы жүзеге асады", - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары Қаныш Тулеушин.
- Жасанды интеллектті реттеу:
Егер біз қазір жасанды интеллектті реттеумен айналыспасақ, кейін онымен келісімге келуге мәжбүр боламыз", - деп атап өтті ҚР Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
- Қаланың қауіпсіздігі:
Алматы қаласында жер сілкінісі кезінде жедел хабар беру үшін цифрлық шешімдер енгізілуде.
Бұл Алматы үшін өте маңызды", - деп мәлімдеді Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабек.
- Технологиялық кәсіпкерлік:
Венчурлық инвестор Бахт Ниязов технологиялық кәсіпкерліктің маңыздылығы туралы баяндама жасады.
Мұндай платформалар жастар үшін үлкен мүмкіндік береді. Егер бүгін қатысушылардың арасынан кем дегенде екі стартап дүниеге келсе, бұл үлкен жетістік болмақ", - деді ол.
- Өңірлік университеттердің рөлі:
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілі Махмұт Томанов жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытудағы өңірлік жоғары оқу орындарының рөлін атап өтті.
- Жасанды интеллектті дамыту:
Жасанды интеллект қауымдастығының өкілдері Қазақстанда ИИ дамыту бойынша жобалар, тәсілдер және мәселелер туралы баяндама жасады. Қауымдастықтың құрылғаны мемлекеттің бизнес-пен тиімді диалогын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы қауымдастық төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева айтты.
- Киберқауіпсіздік:
Киберқауіпсіздік және әлеуметтік инженерияға қарсы тұру сессиясында ГТС РК басқарма төрағасы Асқар Жүнісбек, ЦАРКА, QazTech, BAKOTECH, MSSP Global және басқа да компаниялардың сарапшылары әлеуметтік желілерде өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелері мен интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын талқылады.
Кез келген күмәнді жағдайда ең алдымен ақыл мен логикаға сүйену керек", - деп атап өтті сарапшылар.
Биыл Qazaq IT Community үздік IT жобалар мен олардың авторларын жеті номинация бойынша марапаттады: Rising Star in IT 2024, Innovation Driver 2024, Social Impact in IT 2024, Tech Advancement of the Year 2024, Mobile App Innovator 2024, Strategic Team Leader, Web Mastermind 2024.
Жеңімпаздарға Cloupard компаниясы ұсынған 350 мың теңгелік гранттар табысталды. Толығырақ ақпаратты @qazaqitcom Instagram парақшасынан оқи аласыз. Байқауға барлығы 85 өтінім келіп түскен, олардың ішінен үздіктер таңдап алынды. Қазылар алқасында АО "Қазпошта", АО "Банк ЦентрКредит", АО "Қазақтелеком", Axiom Capital, Women in Tech Kazakhstan және басқа да ұйымдардың өкілдері болды.
Qazaq IT Community - Қазақстандағы ең ірі IT қауымдастық, оның құрамына 4 300-ден астам IT маманы кіреді. Қауымдастық қатысушылар үшін тегін іс-шаралар ұйымдастырады, олардың қатарында техникалық және тақырыптық митаптар, тау саяхаттары және басқа да шаралар бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 14:28 1371
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы әлеуметтік жобаларды қолдауға әзір
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханмен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ең алдымен вице-премьер қаржы институтының қолдауымен экономиканың нақты секторында бірқатар жобалардың сәтті жүзеге асырылғанын атап өтті. Банк мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізде Көкшетауда аурухана құрылысына қатысуда. Тамара Дүйсенова қаржы институты өкілдерін әлеуметтік саладағы әріптестікті кеңейтуге шақырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен білім саласы инфрақұрылымын жақсарту бойынша шаралары іске асырылып жатқаны атап өтілді. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында мектептер салынуда. Алдағы үш жылда 1300 орта білім беру нысандарына күрделі жөндеу жүргізу және оларды заманауи пән кабинеттерімен жабдықтау жоспарлануда. Осыған байланысты, Премьер-министрдің орынбасары халықаралық қаржы институты өкілдерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Хусейн Озхан өз кезегінде ЕҚДБ әлеуметтік саладағы әріптестікті дамытуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Сондай-ақ ол ұсынылып отырған жобаларды мүдделі мемлекеттік органдармен, өзге де халықаралық институттармен бірлесе қарастыруға әзірлігін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 18:28 28871
Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды
Достарға айту
Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясы аясында Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымының қолдауымен ұйымдастырды.
Алғашқы тренинг Қызылорда қаласында өтті. Оған 50 әйел қатысты. Сарапшылар "Empowerment through Self-Defense" халықаралық әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Оқыту интерактивті форматта өтеді. Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі қорғау тактикасын меңгеріп, зорлық-зомбылық психологиясын түсінуді, қауіпті белгілерді анықтауды үйренеді.
Дәл осындай өзін-өзі қорғау тренингтерін Астана, Шымкент, Түркістан және Қосшы қалаларында да өткізу жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 18:18 29331
Әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құру жүктелді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің цифрландыру саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Astana Hub жұмысының аясында IT-экспорт көлемін арттыру, цифрлық платформалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық стартаптарды іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ "Терриконовая долина" IТ-хабының басшысы Сабир Ниязов, Arlan BioTech компаниясының басшысы Болат Сұлтанкұлов, ITS Partner Ltd компаниясының басшысы Марат Тастеміров баяндама жасады.
Қазақстан әлемде цифрландыру саласы дамыған ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіреді және онлайн-қызметтер көрсету бойынша 8-орында. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында IT-қызмет экспорты $306 млн-ға дейін өсті. Жыл соңына дейін $600 млн-нан асады деп күтілуде. Жалпы 5 жыл ішінде отандық IT-қызметтердің экспорты 20 есеге ұлғайды. Елімізде роботтандыру және жасанды интеллект технологиялары орнықты дамуда, көптеген салаларда трансформация жалғасып жатыр.
Заңнамалық база қалыптастырылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Цифрлық трансформация тұжырымдамасы қабылданды, сондай-ақ венчурлік нарықты және стартап-экожүйені дамыту үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасалды. Astana Hub технопаркі көптеген стартаптар үшін шын мәнінде инновациялық кластерге әрі ең негізгі әріптеске айналды. Бұл алаңда 1,5 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеуде. E-commerce, BigData, GameDev, Fintech, MedTech пен басқа да серпінді жобалардың экспорттық әлеуеті жоғары. Олардың белсенді дамуы 2026 жылға қарай ІТ-өнімдер мен қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін өсіруге ықпал етпек.
Премьер-министр Үкімет алдағы уақытта да IT-технологиялар мен көрсетілетін қызметтер саласын белсенді қолдай беретінін атап өтті. Өңірлік акселерациялық бағдарламаларды және басқа елдердегі жаһандық әріптестік желіні дамыту саясатын одан әрі жалғастыру қажет.
Мемлекет басшысы 2029 жылы цифрлық технологиялардың экономикаға қосатын үлесін 1%-ға дейін, ал ІТ-қызметтердегі жергілікті үлесті кемінде 80%-ға жеткізу міндетін қойды. Оған қол жеткізуде IT-хабтар мен венчурлік қорлар басты драйверлерге айналуға тиіс. Соңғы алты жылда Қазақстанда венчурлік қаржыландыру көлемі 6 еседен астам өскен. Әрі қарай өсу үшін біз осы саладағы озық сарапшыларды тартуымыз керек. Бұл орайда білім беру бағдарламаларын дамытып, ірі бизнесті тарту және сауатты цифрлық инфрақұрылым құру жұмыстарына жете көңіл бөлу қажет. Цифрландыру, ІТ-саланы дамыту және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру экономиканың дамуына ықпал етуге тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Президент қойған жасанды интеллектіні дамыту міндеттерін іске асыру аясында салалық заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Келер жылы Астанада Жасанды интеллект орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жас таланттарды тарту нүктесіне айналуға тиіс. Цифрлық даму министрлігіне осы мәселені ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.
IT-саланың жоғары білікті мамандарын даярлау басым міндет болып табылады. Astana Hub-та үздік халықаралық тәжірибе ескеріліп, қажетті жағдайлар жасалған. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктеріне Astana Hub-пен және өңірлік хабтармен өзара тығыз байланыса отырып, одан әрі даму және оқыту тұжырымдамасын жасау тапсырылды. Осы ретте оқу бітірген мамандардың санын көбейту мақсат емес, олардың даярлық сапасына баса назар аудару қажеттігі аталып өтті. Үздік әлемдік әдістемелерді назарда ұстап, цифрлық білім мен дағдыларды арттыру тәсілдерін үнемі жаңартып тұру маңызды.
Сонымен қатар өңірлердегі цифрлық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін бұл мәселелерге әкімдіктер тарапынан тиісті көңіл бөлінуі тиіс. Салалық министрлікке өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, Astana Hub-ты дамыту, өңірлік хабтарды қолдау және IT саласында экспортқа бағытталған бағыттарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ венчурлік қаржыландыруды қолдау жүйесіндегі тәсілдерді жаңарту тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 18:14 29551
2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі
Достарға айту
2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне шамамен 1,6 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Министр азаматтарды қабылдап, Арал теңізін сақтау мәселесі туралы сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылғы сәуірге дейін Арал теңізіне шамамен 1,3 млрд текше метр, ал жыл басынан бері 2 млрд текше метр су жіберілді.
Сондай-ақ, Солтүстік Арал мәселесі осы айдың басында Түркіменстанда өткен Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 87-ші отырысының күн тәртібінде болды.
Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, теңізді толтыруда су үнемдеу технологияларын енгізу де маңызды рөл атқарады. Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде биыл Қызылорда облысының шаруалары 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Солтүстік Аралға жіберілді. Мәселе өте маңызды, біз оны жан-жақты қарастырып, үнемі бақылауда ұстаймыз",- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Еске сала кетейік, министр Түркіменстанда өткен көрші елдермен келіссөздер қорытындысы бойынша 1-ші сәуірге дейін Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су жіберу туралы келіскен болатын. Бұл еліміздің оңтүстік аймақтарына 2025 жылғы суару маусымы үшін қажетті су көлемін жинауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.11.2024, 14:28Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы әлеуметтік жобаларды қолдауға әзір 27.11.2024, 21:33 761Алматыда Qazaq IT цифрландыру күні өтті27.11.2024, 13:04 736Қарағандыда режим жөніндегі бөлімнің қызметкері сотталған адамды азаптағаны үшін сотталды27.11.2024, 21:48 546ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған "Қазақ өнерінің қара шаңырағы" атты кітап-экспозициялық көрмесінің ашылуы өтті27.11.2024, 13:09 491Ақмола облысында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген 300 млн теңге ұрланған
22.11.2024, 14:04 132361Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 132176Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 107061Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді22.11.2024, 11:55 98311Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 98261Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
22.11.2024, 14:04 132361Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 132176Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 115621Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113886Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 108046Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды