30.10.2023, 11:24 21531

Прокуратура Атырау облысында топырақты заңсыз сатқан мекемеден 850 млн теңге өндіріп алды

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша "Нұрманияз-Атырау" ЖШС-дан бұрын берілген рұқсат қайтарып алынды
Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Нұрманияз-Атырау" ЖШС-ның кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсатты пайдалана отырып, 2021-2022 жылдары 88 542 м³ топырақты заңсыз сатқанын анықтады, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасынан.

Рұқсатты беру үшін "Морское" кен орнындағы гидротехникалық құрылыстардың үйіндісін қалпына келтіру туралы мердігерлік шарт негіз болған. Алайда шартта топырақты өзге мақсатта сату көзделмеген.

Облыс әкімдігіне енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша "Нұрманияз-Атырау" ЖШС-дан бұрын берілген рұқсат қайтарып алынды.

Аталған факт бойынша "Нұрманияз-Атырау" ЖШС-дан сотпен 851 млн теңге мемлекетке келтірілген залал өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Өз кезегінде, прокуратура "жер қойнауы ресурстарына, оның ішінде өңірдің экологиясына зиян келтіргені үшін жауаптылықтың сөзсіз болатынын" ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны