24.04.2024, 11:06 26911

Атырауда заңсыз жұмыс істеген шетелдік азаматтар анықталды

Атырауда заңсыз жұмыс істеген шетелдік азаматтар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының полиция басқарамасы көші-қон қызметі бөлімі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында орналасқан өндіріс обьектілеріне тексеріс жасады. Тексеру жұмыстары нәтижесінде заңсыз жұмыс жасаушы 38 Тәжікстан Республикасының, 12 Өзбекстан Республикасының азаматтары анықталды.

Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс жасаған шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-тармағы (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауымен көрінген, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны