10.11.2023, 12:34 31266

Атыраудың бұрынғы әкімі жерге қатысты алаяқтық жасағаны үшін қамауға алынды

Атыраудың бұрынғы әкімі жерге қатысты алаяқтық жасағаны үшін қамауға алынды
Сурет: Depositphotos
Атырау облысының прокуратурасы алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.

09.11.2023ж. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі К.К. Оразбаева ұсталды (Атырау қ. ПБ УҰИ-не қамауға алынды).

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Тергеу жалғасуда.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны