30.04.2024, 16:45 77986

Қазақстанға пошта жөнелтілімдерін пайдалана отырып алыс шетелден есірткі жеткізіліп келген

Қазақстанға пошта жөнелтілімдерін пайдалана отырып алыс шетелден есірткі жеткізіліп келген
Сурет: gov.kz
ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың ақпанында пошта жөнелтілімдерін пайдалана отырып, алыс шетелден Қазақстанға есірткі жеткізудің халықаралық арнасын жойды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Жалпы салмағы 500 грамнан асатын каннабис тобының есірткі қоймасымен жабдықталған сәлемдемені алуы кезінде "Қазпошта" АҚ бөлімшесінде жергілікті тұрғын ұсталды.

Ағымдағы жылдың сәуірінде Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстау бойынша операция жүзеге асырылды, одан 2,5 килограмнан астам "мефедрон" психотроптық заты тәркіленді, бұл 10 мыңға жуық бір реттік дозаны құрайды.

Жедел шара барысында күдіктілердің физикалық жазаға тартылу қаупі арқылы аймақ тұрғынын есірткі сатуға мәжбүрлеу фактісі құжатталды.

Ұсталған адам облыста психотроптық заттардың таралуының кең желісін ұйымдастыруды көздеген.

Аталған адамдар соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны