10.01.2024, 11:49 42331

Қазақстанда 15 аса қауіпті ҰҚТ жойылды

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда
Қазақстанда 15 аса қауіпті ҰҚТ жойылды
Сурет: видеодан скриншот
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды.

Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны