01.11.2023, 11:24 47486

Қазақстанда алты халықаралық есірткі арнасы жойылды

Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды
Қазақстанда алты халықаралық есірткі арнасы жойылды
Сурет: gov.kz
2023 жылғы қазанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар операцияларды іске асырды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Синтетикалық есірткінің 5 қолдан жасалған өндірісінің және 1 каннабис өсіруге арналған фитолабораторияның заңсыз қызметі бейтараптандырылды.

Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды.

Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды.

Заңсыз айналымнан 300 кг-ға жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ "синтетика" жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленді.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны