01.11.2023, 11:50 48136

Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 500 млн жуық қаржы салған

Жалпы тартылған салымшылардың саны 425 адам
Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 500 млн жуық қаржы салған
Сурет: Depositphotos
Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты істі ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті аяқтап, сотқа жіберді, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Олар өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен. Бұл ретте,«Chia Tai Tianging Pharmaceutical» жеке тұлғалардың ақшасын тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген.

Жалпы тартылған салымшылардың саны 425 адам,  523 млн теңге сомасына, оның ішінде 490 млн теңгеге жуық сомаға 411 азамат жәбірленуші деп танылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны