06.02.2024, 18:46 18301

Балық өнімінің аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандасы әшкереленді

Тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна көлемдегі балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті балық өнімінің аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

Сотқа дейінгі тергеумен 2022 жылдың шілде айы мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында заңды тұлға Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспорттағаны анықталды.

Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығымен көрінеу жалған, балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгендігін растайтын ветеринарлық сертефикат қолданылған.

Алайда, аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды.

Тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна көлемдегі балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны