07.11.2023, 17:19 20936

Бас прокуратураның тексеруі нәтижесінде 60-қа жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұсынуы бойынша бизнеске қатысты 75 салықтық тексеру заңсыз деп танылды
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұсынуы бойынша бизнеске қатысты 75 салықтық тексеру заңсыз деп танылып, 60-қа жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспсөз қызметінен.

Оған Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде тексерулерді тіркеу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген тексеру негіз болды.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін тексеру барысында Салық және Кәсіпкерлік кодекстерінің нормаларында көзделген тесерулерді тағайындау және жүргізу тәртібі бойынша 300-ден астам өрескел бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, уәкілетті органда тексерулердің тіркелмей жүргізілуі, салық тексерулер актілерінің уақтылы берілмеуі, заңды күші жойылған тексеру парақтарының қолданылуы, тексеру мерзімдерінің бұзылуы сияқты салық заңнамасы саласындағы тексеруледі ұйымдастыру бойынша бұзушылықтар орын алды.

Анықталған бұзушылықтар бақылаушы мемлекеттік орган тарапынан негізсіз қысым жасағанын білдіреді, бұл жағдай елдегі бизнестің дамуына кедергі келтіреді.

Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 45 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және 47-сі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Осындай фактілерге жол бермеу мақсатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.​
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны