02.11.2023, 09:57 52731

«Елімай-2019» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар бас бостандығынан айырылды

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
«Елімай-2019» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар бас бостандығынан айырылды
Сурет: Depositphotos
«Елімай-2019» ТК ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрғандары үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайы ҚМА баспасөз қызметінен.

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Елімай-2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқандығы анықталды.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 млрд теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 млн теңгеге шектеу қойылды.

Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны