14.11.2024, 15:03 62741

Ерейментау да тіркеуден жасырылған ауыр қылмыс анықталды

Ерейментау ауданының прокуратурасымен тіркеуден жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.

Ағымдағы жылы тіркеуден жасырылған ауыр қылмыс анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Осылайша, жеке кәсіпкер М. дүкенінен тауарлы-материалдық құндылықтарды ұрлау фактісі бойынша полицияға хабарласқан, алайда полиция қызметкерлері бұл қылмысты ұзақ уақыт бойы тіркеуден жасырған және оны ашуға ешқандай шара қолданбаған.

Аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу жөнінде полицияға тапсырма берді. Нәтижесінде күдікті тұлғалар ұсталып, іс сотқа жолданды.

Полиция бөлімінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны