14.11.2024, 15:06 5091
Саяхат, элиталық автомобильдер және жылжымайтын мүлік: қайырымдылық қорының басшысы 1,5 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Достарға айту
Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.
Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды.
Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600" және 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алды.
Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.
Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы "St. Regis", "Shangri-La", "Palazzo Versace" және "Kempinski" сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.
Бұл елдерде ол "Cartier" және "Louis Vuitton" сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.
Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Осылайша, Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған.
Күдікті ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.11.2024, 15:03 5001
Ерейментау да тіркеуден жасырылған ауыр қылмыс анықталды
Достарға айту
Ерейментау ауданының прокуратурасымен тіркеуден жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.
Ағымдағы жылы тіркеуден жасырылған ауыр қылмыс анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Осылайша, жеке кәсіпкер М. дүкенінен тауарлы-материалдық құндылықтарды ұрлау фактісі бойынша полицияға хабарласқан, алайда полиция қызметкерлері бұл қылмысты ұзақ уақыт бойы тіркеуден жасырған және оны ашуға ешқандай шара қолданбаған.
Аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу жөнінде полицияға тапсырма берді. Нәтижесінде күдікті тұлғалар ұсталып, іс сотқа жолданды.
Полиция бөлімінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 14:55 5206
Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды
Достарға айту
Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі.
Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.
Ағымдағы жылғы қазанда күдікті Анталья қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 10:42 5431
БҚО-да алаяқтар оқушылардың ата-аналарын балалары ретінде алдап, ақша аудартқан
Достарға айту
БҚО-да полицейлер өзін жәбірленушілердің баласы ретінде көрсетіп, алаяқтықпен айналысқан топты ұстады. Қылмыстық топ үш жігіттен құралған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратөбе полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілердің бірі WhatsApp қосымшасы арқылы педагогтердің іс-шарасын өткізу үшін құрылған жалпы чатқа кіргенін анықтады. Чаттың мазмұны мен хаттарды зерттегеннен кейін ол ондағы адамдардан ақша аударуды сұрап, жекелеріне шыққан.
Бұл ретте күдікті жәбірленушілерге өзін солардың баласы сияқты таныстырып, өзінің телефоны сөніп қалғанын жеткізген.
Күдіктілердің сөзіне сеніп жәбірленушілер карта деректері мен CVV-кодтарын жіберген.
Содан кейін алаяқтар қаражатты қолма-қол ақшаға алмастырған. Қазіргі уақытта алаяқтықтың 17 фактісі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алданғандар арасында басқа өңірдің тұрғындары да бар екені анықталды.
Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрайды. Полиция азаматтардан бөгде адамдармен телефонмен сөйлесу кезінде ғана емес, жалпы чаттарда хат алмасу кезінде де абай болуды сұрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 10:39 5631
Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды
Достарға айту
Осы жылдың 8 қарашасында ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр "мефедрон" сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.11.2024, 14:08 14121
Астана мен Қарағандыда полицейлер есірткінің ірі партияларын тәркіледі
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты белсенді жалғастырып келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде 35 жастағы есірткі жасырушыны ұстады. Жеке тінту барысында күдіктіден 350 орам және синтетикалық есірткі салынған екі үлкен полиэтилен пакет тәркіленді. Сондай-ақ пәтерді тінту кезінде жасыруға дайындалған 1,5 мыңнан астам орам, салмағы бір жарым килограмм болатын 4 үлкен орам, 5 мыңнан астам zip-пакеттер, таразы мен есірткіні өлшеп орауға арналған құрылғылар тәркіленді. Ұсталған адамнан барлығы 6 кг-нан астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 4 кг-дан астам мефедрон, 2 кг үнді марихуанасы және 8 грамм кокаин", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Одан бөлек, Қарағандыда 53 жастағы ер адам ұсталды. Ол өз пәтерінің балконында 10 кг-нан астам гашиш сақтаған.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде заңсыз айналымға есірткі заттарының 35 мыңнан астам дозасы жіберілмеді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.11.2024, 12:59 14721
Қазақстанның екі өңірінде жалған ақша жасаушылар ұсталды
Достарға айту
Алматы қ. жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында 149 дана (14 900 АҚШ доллары) жалған доллар табылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.
Құқық бұзушылар ұсталып, сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында ҚМА полициямен бірлесіп жалған валютаны өткізу фактісі анықтады.
Бір топ адам Орал қаласындағы лотерея клубтарының бірінде жалған 25 000 АҚШ доллары мен 10 000 евро өткізген деп күдіктелуде.
Күдіктілер бәс тігу мақсатында бұл қаражатпен шоттарын толықтырған.
Жалған ақшаны сатушыға қатысты соттың санкциясымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 000 теңге сомасына 141 дана, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра.
Алынған жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады.
Жалпы, ағымдағы жылы жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.11.2024, 10:55 15016
Петропавлда 110 адам зардап шеккен қаржы пирамидасының мүшелері сотталды
Достарға айту
2024 жылғы 01 қарашада Петропавл қалалық сотының Е.Ж. Камалиевке (ЖК басшысы), Р.Ж. Камалиеваға, Н.Ш. Исинға (М.Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің бұрынғы бастығы, ІІМ зейнеткері), С.Н. Сыздықовқа (ІІМ зейнеткері), А.П. Илюбаеваға қатысты аса ірі көлемде ақша тартумен, қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылық жасау фактісі бойынша үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасынан.
Е.Ж. Камалиев сонымен бірге қылмыс жолымен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін де сотталған.
Сотталғандарға 2018 жылдан бастап 2021 жылдар аралығында адамдар тобымен алдын-ала сөз байласа отыра Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Қазақстан Республикасында тіркелмеген "Qnet" қаржылық пирамидасының заңсыз қызметімен айналысудан заңсыз пайда тапқандықтары үшін айып тағылған.
Сонымен бірге облыстың 110 тұрғыны салымшылар ретінде жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам өздерінің жеке қаражаттарын салған.
Сотталғандардың кінәсі көптеген жәбірленушілердің, куәгерлердің, іс бойынша жүргізілген сараптамалардың қорытындыларымен және зерттеулермен, қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденген.
Мінездеме мәліметтерді, сотталғандардың жеке бастарын, шығынның орнына келтірілмегендігін және істеген істеріне өкінгенін есепке ала отыра, сот ҚК-нің 52-бабының талаптарына сәйкес бас бостандықтарынан айыру түрінде жаза тағайындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 14:08 20371
Түркістан облысында полиция кальян шеккен 82 тұрғынға шара қолданды
Достарға айту
Полиция кальян тұтынған 82 тұрғынға шара қолданды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу заңына сәйкес рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында облыстағы аты шулы, көпшілікке танымал демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көңіл көтеретін орындарда қорқор тұтынудың 82 дерегін анықтап, жалпы 2,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды.
Мәселен, танымал клубтың бірінде келушілерге ұсыну үшін кальян шеккен жас жігіт анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар кальян тартқан бірнеше жас қыздарға полиция тарапынан шара көріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары кальян шегумен тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдті жалғастыруда.
Полиция заңмен тыйым салынған денсаулыққа зиян нәрседен бас тартып, тәртіпке бағынуға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.11.2024, 14:47Қазақстанның Арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері Өзбекстанда Hanjar-2024 оқу-жаттығуына қатысуда 14.11.2024, 15:01 11226Қазақстан "Серпін" бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті14.11.2024, 15:30 10731Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді14.11.2024, 15:36 10361Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады14.11.2024, 15:44 9991Қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді
08.11.2024, 13:42 114066Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады08.11.2024, 13:35 88726Қазақстан мен АДБ Қызылорда - Жезқазған автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қояды11.11.2024, 13:48 88121Санжар Әділов Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды11.11.2024, 11:32 81156Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жеті инновациялық IT-жоба гранттық қаржыландыру алды08.11.2024, 10:19 78886Жыл басынан бері жалпы құны 900 млрд теңгеден астам актив мемлекет кірісіне қайтарылды
24.10.2024, 16:52 139341Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 136071Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 133446Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 129006Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 128851Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді