06.11.2024, 17:01 51891

ІІМ балық шаруашылығы ретінде жасырылған есірткі бизнесін жойды

ІІМ балық шаруашылығы ретінде жасырылған есірткі бизнесін жойды
ІІМ ҰҚК және прокуратурамен бірлесіп, аса ірі мөлшерде каннабис өсірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасын анықтып, көзін жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Балық шаруашылығының атын жамылған қылмыстық кәсіп Алматы облысының Байкен ауылында жүзеге асырылған. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар өсімдіктердің бір жарым мыңнан астам бұтасы тәркіленді.

Үш гектарлық заңсыз жылыжай ғимараттың жертөлесінде орналасқан, онда балық өндірілген.

Тінту барысында 10 млн теңгеден астам ақша, жарықтандыру аспаптары, жылу шамдары, жылыту және желдету жүйелері, суаруға арналған заттар және есірткі өсіруге арналған басқа да жабдықтар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

18 адам құрықталды. Есірткі өнімдерін одан әрі жеткізу арнасы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ жыл басынан бері 56 есірткі зертханасын жойып, 23 тоннадан астам түрлі есірткі түрлерін тәркілеп, заңсыз айналымға жібермеді. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны