06.11.2024, 11:32 48696

Алматы облысындағы қоғамдық бірлестіктің басшысы ауыл шаруашылығы субсидияларымен ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Алматы облысындағы қоғамдық бірлестіктің басшысы ауыл шаруашылығы субсидияларымен ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы А. Садырбай аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.


Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдіктелуде.

Негізгі мақсат-ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды.

Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды.

Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған.

А.Садырбай ұсталды. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны