24.07.2024, 12:50 19046

ІІМ "Qarmet" АҚ-дан ұрлық жасады деген күдіктілерді іздестіруде

ІІМ "Qarmet" АҚ-дан ұрлық жасады деген күдіктілерді іздестіруде
ІІМ "Qarmet" АҚ-дан ұрлық жасады деген күдіктілерді іздестіруде, деп хабарлайды Polisia.kz. "Ішкі істер министрлігі "Qarmet" АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен аса ірі мөлшерде қылмыстық топпен жасалған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі) іздестірілуде: Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау". Чижевский Андрей Александрович, 29.11.1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау", деп көрсетілген хабарламада. Іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі!

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны