30.01.2024, 17:21 35521

Ірі көлемде ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Ірі көлемде ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кешенін өткізу кезінде кәсіпкерді қорқытып 35 млн теңге бопсалаған екі күдікті жігітті ұстады.

ІІО есебінде тұрған күдіктілер кәсіпкерден ақшалай қаражаттың бір бөлігін алу кезінде қолға түсіп, олардан қолма-қол ақша, оның ішінде бұған дейін жәбірленушіден алынған 4 млн теңге, бірнеше ұялы телефон, банк карталары мен пышақ тәркіленді.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны