12.04.2024, 13:24 41566

ҰҚК жыл басынан бері 50-ден астам арнайы операция жүргізп, 800 кг-нан астам есірткі тәркіледі

ҰҚК жыл басынан бері 50-ден астам арнайы операция жүргізп, 800 кг-нан астам есірткі тәркіледі
Сурет: gov.kz
2024 жылғы бірінші тоқсанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция, оның ішінде 16-ын шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізуарнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.

Жалпы айналымнан 800 кг-нан астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тоннакөкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.

Алынған есірткі құны «қара нарықта» 5 млрд теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 млн бір реттік дозаны құрайды.

ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72Қазақстан азаматы мен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеп тексерулер жүргізуде.

 

ҰҚК баспасөз қызметі
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны