28.02.2025, 14:13 3251

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Жезқазған қалалық соты Облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Омар Ә., оның қарамағындағылар - тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Сарбаеваға, "Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы" КМҚК басшысы Г. Жолашароваға және "Тілдерді дамыту ресурстық орталығы" КММ басшысы Ж. Оспановаға, сондай-ақ жеке компанияның өкілі О. Талғатқа қатысты үкім шығарды.

Олар Жезқазған қаласында 3,9 млн теңге сомасына мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қосымша келісім жасасу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Омар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса, оның қатысушыларына 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны