13.11.2024, 10:55 25616

Петропавлда 110 адам зардап шеккен қаржы пирамидасының мүшелері сотталды

Петропавлда 110 адам зардап шеккен қаржы пирамидасының мүшелері сотталды
2024 жылғы 01 қарашада Петропавл қалалық сотының Е.Ж. Камалиевке (ЖК басшысы), Р.Ж. Камалиеваға, Н.Ш. Исинға (М.Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің бұрынғы бастығы, ІІМ зейнеткері), С.Н. Сыздықовқа (ІІМ зейнеткері), А.П. Илюбаеваға қатысты аса ірі көлемде ақша тартумен, қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылық жасау фактісі бойынша үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасынан.

Е.Ж. Камалиев сонымен бірге қылмыс жолымен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін де сотталған.

Сотталғандарға 2018 жылдан бастап 2021 жылдар аралығында адамдар тобымен алдын-ала сөз байласа отыра Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Қазақстан Республикасында тіркелмеген "Qnet" қаржылық пирамидасының заңсыз қызметімен айналысудан заңсыз пайда тапқандықтары үшін айып тағылған.

Сонымен бірге облыстың 110 тұрғыны салымшылар ретінде жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам өздерінің жеке қаражаттарын салған.

Сотталғандардың кінәсі көптеген жәбірленушілердің, куәгерлердің, іс бойынша жүргізілген сараптамалардың қорытындыларымен және зерттеулермен, қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденген.

Мінездеме мәліметтерді, сотталғандардың жеке бастарын, шығынның орнына келтірілмегендігін және істеген істеріне өкінгенін есепке ала отыра, сот ҚК-нің 52-бабының талаптарына сәйкес бас бостандықтарынан айыру түрінде жаза тағайындады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны