07.11.2023, 14:37 20391

Полицейлер Түркістан облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіледі

Полицейлер Түркістан облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіледі
Сурет: Polisia.kz
Полицейлер Түркістан облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктінің үйінің ауласы мен сарайын тінту кезінде 2 түп есірткіге ұқсас өсімдік пен 20 литрлік ыдысқа салынған құрамында есірткісі бар зат тәркіленді. Сондай-ақ 50-ден астам сіріңке қорабы мен 2 пластикалық контейнерге салынған марихуанаға ұқсас есірткі заты табылды.

Сараптамаға сәйкес, есірткі заты жалпы салмағы 15 келіден асатын марихуана болып шықты.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны