10.11.2023, 11:47 26936

Полиция экс-министр Бишімбаевқа қатысты тергеу жүргізуде

Қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болып, салдарынан әйел дене жарақатынан қайтыс болған
Полиция экс-министр Бишімбаевқа қатысты тергеу жүргізуде
Сурет: Polisia.kz
Астана қаласы ПД Жедел басқару орталығына қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болып, салдарынан әйелдің дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

Күдікті ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқиға орнында ПД мен Есіл аудандық ПБ жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу" 201-бабына сәйкес, аталған қылмыстық іс бойынша басқа мәліметтерді ұсыну мүмкін емес.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны