28.01.2025, 12:12 22141

Прокурорлар лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады

Прокурорлар лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Заң және Тәртіп" идеологиясын бекіту аясыңда, Жетісу облысының арнайы прокурорлары Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.


2020 жылдың наурыз айында мемлекеттік сатып алулар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ЖШС-мен саябақты жөндеу бойынша 1 млрд 92 млн теңге көлемінде жұмыс жүргізу туралы келісім-шартқа отырған.

Алайда, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының талаптарына қайшы, тапсырыс беруші мердігердің пайдасына төлемдерді жүзеге асыру кезінде міндеттемелердің толықтығын қамтамасыз етпеген.

Соның салдарынан мердігер құрылыс жұмыстарын толық аяқтамай, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгені құрады.

Материалдық залал мемлекетке толығымен өтелді.

Қазіргі уақытта 3 адамға қатысты тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны