24.10.2023, 17:40 21181

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Олар мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген деген күдікке ілінді
Алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен.

Олар алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырып, аса ірі көлемде мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында ЖЭО жабдықтарының тозуы және жылу энергиясын берудегі бірнеше рет істен шығуына жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған қаражаттың жүйелі түрде ұрлануы себеп болғаны анықталды.

2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісім-шарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған.

Тергеу барысында қабылданған шаралар мен ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкімет жанындағы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде Риддер қаласындағы жылу энергиясын өндіру станциясын мемлекет меншігіне беру арқылы келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз етті, оның құны шамамен 5,5 млрд теңгені құрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны