27.10.2023, 21:44 24866

ШҚО-да криминалитет өкілін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді

Күдікті облыс орталығының тұрғыны Өскемен қаласының кәсіпкерін бопсалаған
ШҚО-да криминалитет өкілін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған күдікті мен облыс орталығының тұрғыны Өскемен қаласының кәсіпкерін бопсалаған. ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп, Алматы қаласының 57 жастағы тұрғыны өзінің қылмыстық ниетімен облыс орталығына келіп, жергілікті тұрғынмен сөз байласып, жәбірленушіге және оның отбасына күш қолданамын деп қорқытып, оған тиесілі жер телімін өз пайдасына қайта ресімдеуге мәжбүрлегенін анықтаған.

Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де ұсталды, олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында тиісті заңды құжаттар тәркіленді. Екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.


Әрі қарайғы тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны