10.09.2024, 13:45 30456

ШҚО құны 3,5 млрд теңгені құрайтын есірткі тәркіленді

ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды: тәркіленген есірткінің құны 3,5 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен облыстың Ұлттық қауіпсізік Департаменті Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметін әшкереледі.

Заңсыз айналымнан 630 мың бір дозалы пакеттерде жалпы салмағы 125 кг астам "мефедрон", 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ, тәулігіне 30 кг дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін замануи зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады.

Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесінде қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны