06.11.2023, 16:25 21696

Шымкентте 1268 адам жүргізуші куәлігінен айырылады

Олардың көпшілігі психоактивті заттарды қолдану және жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады
Шымкент қаласының прокуратурасы көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар 1268 адамды анықтады, деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасынан.

 Атап айтқанда, олардың көпшілігі психоактивті заттарды қолдану және жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады.

2022-2023 жылдары олар 1300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзып, 28 жол-көлік оқиғасын жасаған, көліктердің зақымдануы салдарынан зардап шеккендерге материалдық шығын келтірген.

Аталған тұлғалардың жүргізуші куәлігін иеленуі заң талаптарына қайшы келуіне байланысты, прокуратураның актісі бойынша бүгінгі күні сот шешімімен 37 тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қалған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны